
8 қарашада Атырауда бір әйел Орталық көпірден Жайық өзеніне секірді.
Бастапқыда әлеуметтік желіде көпірден ер адам секіргені туралы ақпарат тараған болатын. Алайда нақтыланған мәліметтер бойынша, бұл әйел адам болып шықты.
Оны катермен кетіп бара жатқан екі адам құтқарып қалды.
Оқиғаның мән-жайы мен құтқарылған әйелдің жағдайы нақтыланып жатыр.
Айнұр САПАРОВА
В Атырау +2.9