Атырау, 3 мамыр 03:12
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Үш ұры ішінде екі миллионы бар көлікті ұзақ торуылдаған

Бейнежазба
2 191 просмотра

Атырау облысында полицейлер 35 жастағы қала тұрғынының көлігінің терезесін сындырып, 2 млн теңге ұрлаған үш күдіктіні ұстады. 

12 қазанда күндіз ол 102 операторына қоңырау шалып, сағат 12:50-13:25 аралығында белгісіз біреулердің Kia Sportage маркалы көлігінің жүргізуші жақ терезесін сындырып, ішінен 2 млн теңге ақшасын ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама берген. Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жедел іздестіру жұмыстары кезінде бейнебақылау камералары арқылы жәбірленушінің көлігінің артынан ВАЗ-2114 маркалы көлігінің бірнеше сағат еріп жүргенін байқаған. Бірақ ұрлық жасау сәті камераға түспеген. Содан кейін бақылау камералары бойынша күмәнді көлік қала аумағынан шығып кеткіне байланысты аудандарға тез арада бағыттама берілген.

- Полиция қызметкерлері ВАЗ-2114 көлігін қаладан 132 шақырым жердегі Индер ауданы Жарсуат ауылының тұсынан тоқтатқан. Ішінде жүргізуші мен екі жолаушы болған. Тінту кезінде көлік ішінен пакетке оралған 2 млн теңге ақша табылып, айғақ зат ретінде тәркіленді, - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Ұсталған үш адам - Орал, Ақтөбе және Шымкент қалаларының 40, 44 және 47 жастағы тұрғындары екендігі белгілі болды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-тармағы («Аса ірі мөлшердегі ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Олардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

15 қазан 2021, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.