Атырау, 9 қазан 23:18
 ашықВ Атырау +14
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

«Жауап беруге ыңғайсыз сұрақтар қойылған»

1 290 просмотра

Санақ науқаны басталғалы жауап берушілердің көбі сауалнаманы сынға алып, кейбір сұрақтар дұрыс емес деп есептейді. Мысалы, жалақы, некеге тұру саны, өлі туылған балалар туралы. Бұл туралы ӨКҚ-де Атырау облысы бойынша статистика департаментінің басшысы Галя МҰХАНҒАЛИЕВАНЫҢ қатысуымен өткен брифингте айтылды. Неге екені белгісіз, сот залындағы «Миминодағы» Хачикян еске түсті.

Еске салсақ, ұлттық санақтан sanaq.gov.kz сайтында, e-gov.kz порталында, Aitu мобильді қосымшасы арқылы онлайн өтуге болады. Ол 1 қыркүйекте басталып, 15 қазанға дейін жалғасады. Ал дәстүрлі форматта (объектіні аралап, сауалнама алу) бұл шара 1-30 қазан аралығында өтеді.

- Атырау облысында халық санағына қанша қаражат бөлінді?

- 193,3 млн теңге. Бұл ақшаның 87 пайызы санақ жүргізушілердің жалақысына кетеді. Олардың саны 700-ден асады, олар бақылаушы-нұсқаушылар мен интервьюерлер. Нұсқаушылар 125 мың теңге, интервьюерлер 104 мың теңге алады.

- Егер адам процедурадан онлайн өткен болса, оған санақшыға есік ашу міндетті емес қой?

- Егер адам онлайн санақтан өткен болса, оның ұялы телефонына немесе электронды поштасына 6 таңбалы хабарлама жіберіледі, оны интервьюерге көрсету қажет. Егер электронды форматта санақтан өтпеген болсаңыз, қағаздағы сауалнаманы толтыруға тура келеді.

- Халықтың санақ жүргізушілерге берген ақпаратын қаншалықты сенімді деп санауға болады?

- Бұл сауалнама берушілердің ар-ожданына байланысты, оларды ешкім тексермейді.

- Біздің білуімізше, кейбір сұрақтар тұрғындардың ашуын туғызады, біреулер мұны жеке өмірге қол сұғушылық деп есептейді.

- Иә, ондай да болады. Дегенмен, науқан басталар алдында сұрақтардың көпшілік назарына ұсынылды. Оларды құрастыру кезінде халықаралық тәжірибе ескерілді. Мұнда бүкіл мәлімет тек жалпыланған түрде қолданылатынын түсіну керек. Мемлекеттік статистика органдары берілген ақпараттың құпиялылығына толық кепілдік береді.

Брифингке қатысқан Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман ТАУШОВ санақ адамдарды «санап» қана қоймай, әлеуметтік тіршілік ету көрініс жасауға көмектеседі деп атап өтті:

- Мысалы, белгілі бір отбасына қандай көмек қажет екенін білуге болады. Санақ мәліметтері балабақшаға орын берілетін кезде, басқа оқу орындарына ауысқанда және т.б. көмектеседі. Бәріне осы тұрғыдан қарау керек.

Айнұр САПАРОВА

5 қазан 2021, 13:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.