Атырау, 18 желтоқсан 18:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Ірі активке ие италиялық UniCredit банкі қазақстандық АТФ банкті Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің күйеу баласы Ғалымжан Есенов басқаратын фирмаға 500 миллион АҚШ долларына сатпақшы.

2 995 просмотра

HALYKSOZI.KZ. «Сейсмологқа сенеміз бе, экологқа ма?» - Өткен бір жиналыста Мэлс мырзаның: «жақында Алматыда жер сілкінісі болады, дайындалу керек,  үйлерге бункерлер орнату қажет», – деген сөзіне Абақанов пысқырып та қарамаған еді. Сөйткен сейсмолог енді сан соғып отыр. 

ULT.KZ. «Абылай ханның 300 жылдығын атап өтуге дайынбыз ба?» Қытайдағы ағайындар Ақмола облысын «Абылайхан» деп атауды ұсынды. Мерей тойды тынғылықты атап өту жайлы Ақмола облысының бұрынғы  әкімі Қайрат Қожамжаров арнайы комиссия жасақтап, арнайы бағдарлама бекітіп, тойдың қамына кірісікен.

AZATTYQ.ORG. «Бірыңғай зейнетақы қоры идеясын сарапшылар әрқилы бағалайды» - Қазақстан президенті мемлекеттік бірыңғай зейнетақы қорын құруды ұсынды. Ал скептиктер «20 миллиард доллардан астам қаражатты шенеуніктер қолына ұстату қауіпті» дейді.

«АТФ банкті Есімовтің күйеу баласы алмақшы» - Reuters-дің жазуынша, ірі активке ие италиялық UniCredit банкі қазақстандық АТФ банкті Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің күйеу баласы Ғалымжан Есенов басқаратын фирмаға 500 миллион АҚШ долларына сатпақшы. Бұл туралы агентікке АТФ банктегі дерек көзі хабарлаған.

EGEMEN.KZ. «Украина оппозициясы Тимошенко ісін қайта қарау үшін комиссия құрылуын талап етуде» - Украина оппозициясы парламентке сотталған экс-премьер Юлия Тимошенконың төңірегінде қалыптасып отырған жағдайды, соның ішінде оған тағылған кісі өлтірді күдікті тексеру жөнінде парламенттің тергеу комиссиясын құруды талап етіп отыр. Бұл туралы Тимошенконың серіктерінің бірі Александр Турчинов мәлімдеді.

«Битум сұрап басқаға бармаймыз» - Батыс Еуропа–Батыс Қы­тай халықаралық көлік дәлізі құрылысы үшін мұнай өніміне деген ішкі қажеттілік жуық арада 200-250 мың тоннаға дейін артуы мүмкін. Ал 2015 жылға қарай бұл көрсеткіш 1,1 млн. тоннадан асатыны анықталып отыр. Сұраған нәрсеңнің құны аспандап шыға келетіні белгілі, битумды қаражат шашып басқадан сұрағанша, өз елімізде өндіріп жатса, нұр үстіне нұр емес пе?

ALASHAINASY.KZ «Алаштың ШОУ-БИЗНЕСІ» - Жуырда Шымкент қаласында Айгүл Иманбаева мен Алтынай Жорабаева бірлесіп концерт бермек. Қазақ эстрадасындағы жарық жұлдыздардың қатарынан аталатын қос әншінің бұл қадамын таңырқай қабылдағандар да жоқ емес.

AIKYN.KZ. «Өз елімізде өзбекше оқып жүр» - Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында 120 қазақ баласы өзбек мектебінде оқып жүр. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының бастығы Балқия Көмекбаева хабарлады.

ABAI.KZ. «БОЛАШАҚТЫҢ» болашағы бұлыңғыр болып тұр - «Болашақ» бағдарламасы өткен ғасырдың 20-ншы жылдарында яғни, Алаш зиялыларының бастамасы негізінде пайда болғандығын қазір тарих жоққа шығармайды. Ол жаққа баратын жас әуелі ұлтшыл болып, Еуропа «мәдениетін» емес, тек «техникасының тілін ғана игерем», оны елге келіп қазақ ұлтының игілігіне жаратам деген мақсатпен ғана барған.

TURKYSTAN.KZ. «Жетімнің көңілі жарым, көзі жасты» - Қазақ балаларын асырап алуға көбінесе АҚШ мемлекетінен көп ұсыныс түседі екен. Білуімізше, олар қазақтың жеті атаға дейін қыз алыспайтын ежелгі дәстүріне, яғни қанның тазалығына аса мән беретіндігін үнемі аузына алады. Содан ба екен, бүгінде 8 мың 806 көгенкөздің 6 мыңы АҚШ-та өсіп жатыр.

BAQ.KZ. «Бейбіт Ыстыбаев, «Қазақстан барысы»: Ешқашан қыздарға басымды имеймін!» - Дәл қазір, ештеңе айта алмаймын, мүмкін Құдай маған мүлде перзент бұйырмай кететін шығар.  Мұның бәрі сайып келгенде, Жаратқанымның маңдайыма жазғанымен ғана өлшенеді.

«Шымкентте медбикелер нәрестені 6 мың долларға сатпақшы болған» - Қаржы полициясының мәліметінше, перзантханада босанған әйел баласынан бас тартқан. Тергеу барысына қарағанда медбикелер осы нәрестені Шымкент тұрғынына 6 мың долларға сатпақшы болған.

4 ақпан 2013, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.