Атырау, 11 қазан 17:26
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

«Онлайн несиелерді жою керек»

4 293 просмотра

Соңғы кездері Атырауда шағын несие ұйымдарында онлайн несие рәсімдейтін алаяқтық оқиғалары жиілеп кетті. Мұның бәрі өткен жылы Ұлттық банк электронды түрде шағын несие беруге рұқсат берген кезде басталды. Атырау облысы бойынша қаржы нарығын реттеу және дамыту басқармасының басшысы Асланбек ҚАБЕСОВТІҢ айтуынша, жыл басынан бері осы саладағы алаяқтық туралы 35 шағым түскен.

Мысалы, Polisia.kz сайтының хабарлауынша, өткен жылдың ақпан-маусым айларында Қостанайдың 27 жастағы тұрғыны түрлі сылтаумен куәлік көшірмелерін алып, алдау арқылы 44 қазақстандыққа несие рәсімдеген.

- Алаяқтар түрлі жолмен банк клиентінің жеке кабинетіне бұзып кіріп, жеке мәліметтерін енгізіп, оның атына банк картасын рәсімдейді. Картаны жіберу үшін пошталық мекенжайды көрсетеді, бірақ оны шын иесі емес, алаяқ алады. Бұл жерде «Қазпошта» қызметкерлерінің бұған қалай қатысатыны түсініксіз, өйткені олар картаны шынайы иесіне тапсыруы керек қой, - дейді А.Қабесов.

Әрі қарай ол шағын несие ұйымында онлайн-несие рәсімдеген алаяқтықтың тағы бір мысалын келтірді. Жақында Атырау тұрғыны шағымданды. Оны жақында танысқан бір әйел алдапты. Әйел одан «менің банктік шотым бұғатталып қалған, ақша дәл қазір түсу керек» деп, карт шотын беруді сұраған. Ер адам оған сеніп, өзінің карта нөмірін айтып, әйелдің өтінішін орындайды: ол түскен 270 мың теңге көлеміндегі ақшаны әйелге береді. Бірақ біраз уақыттан кейін несие рәсімдеу үшін банкке барғанда, әйелдің оның атына несие алғаны белгілі болды.

Алаяқтықтың тағы бір нұсқасы: онлайн несие рәсімдеу кезінде жеке куәлікпен селфи жасау қажет, ал алаяқтар бөтен біреудің жеке куәлігін пайдаланып, құжатқа иесінің орнына өз суретін жапсырады.

Қабесов бұл жерде микронесие ұйымдарының кінәсі жоқ деп санайды:

- Иә, тексереді, ол жерде ЖСН көрінеді ғой. Алаяқтар клиенттердің жеке кабинетін бұзып, түрлі әдіс табады.

- Ал алаяқтық фактілері анықталған жағдайда шағын несие ұйымдарына қандай шаралар аласыз?

- Егер шағын несие ұйымы немесе банк тарапынан заң бұзушылық анықталса, біз оларға қатені жою және ақшаны клиентке қайтару туралы жазбаша ұйғрым жолдаймыз. Немесе әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл саламыз. Шағын несие ұйымдарына ҚР ӘҚБтК 211-бабын («Микроқаржылық қызмет туралы заңнама талаптарын бұзу»), екінші деңгейлі банктерге - 213-бапты («Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарын бұзу») және 214-бабын («Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзу») қолданамыз.

Жалпы, Қабесовтың пікірінше, онлайн-несие беруді тоқтату керек. Айтпақшы, тиісті лицензияларды қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі береді.

Жалпы елімізде мыңнан астам шағын несие ұйымдары тіркелген, лицензияны Атырауда оның тек 4-еуі алған. Қалған филиалдар лицензияны Алматыда алды.

Айнұр САПАРОВА

 

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ

Онлайн-несие рәсімдеумен айналысатын алаяқтардан қалай қорғануға болады? 

Асланбек Қабесовтің кеңесі.

1. Картадағы ПИН-кодты жазбаңыз және оны басқаларға айтпаңыз, оны банкомат пен POS-терминалдан басқа ешбір жерге енгізбеңіз;

2. Картаңыздың толық дерегін ешкімге айтпаңыз және оның суретін желіге немесе мессенджерлерге орналастырмаңыз. Егер біреу сізге ақша аударғысы келсе, оған тек карта нөмірі немесе телефон нөмірі ғана қажет;

3. Ешқашан бөтен адамдарға жеке деректеріңізді айтпаңыз, оның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесін жібермеңіз;

4. Интернетке жеке және банк деректерін жарияламаңыз, кафе/ мейрамханада төлем жасау кезінде картаңыздан қол үзбеңіз;

5. Жеке ақпаратты ұсынуды талап ететін күмәнді интернет байқаулар мен лотереяға қатысудан аулақ болыңыз;

6. Егер сіз онлайн-сатып алуды жүзеге асырғыңыз келсе, сайттың шынымен де интернет-дүкенге тиесілі екеніне көз жеткізіп, мекен-жай жолағында сайттың жазылуын мұқият тексеріңіз, ол HTTPS және жабық құлып белгісінен басталуы тиіс;

7. Интернеттен сатып алуға ғана арналған жеке карта алыңыз;

8. Картаңыз бойынша транзакция туралы деректерді жылдам алу үшін СМС/Push хабарламалар қызметін қосыңыз;

9. СМС/Push хабарламаларының мазмұнын мұқият оқып шығыңыз; егер операция туралы хабарлама алсаңыз, оны сіз жасамаған болсаңыз, құпия сөзді енгізбеңіз және банкке қоңырау шалыңыз;

10. Операцияларды болдырмау немесе жою үшін ешқашан құпия сөз енгізбеңіз, мұндай сұраныстарды тек алаяқтар жасайды;

11. Банктен сұраңыз, егер мүмкіндік болса, төлем картаңыз үшін 3D-Secure (VISA) немесе SecureCode (MasterCard) функциясын қосуды сұраңыз.

12. Электронды поштаңызға және сайттардағы жеке кабинеттер үшін күрделі құпиясөз қолданыңыз. 12345 немесе Password сияқты құпия сөздер сізді қорғамайды. Құпия сөздер әр түрлі, 10 таңбадан артық, үлкен және кіші әріптермен, сандармен және арнайы таңбалармен болуы керек. Құпия сөзді сіз үшін мағыналы және есте сақталатын етіп жасауға тырысыңыз. Оны құпия сақтаңыз;

13. Егер карта мәліметтерін күмәнді сайтқа енгізген болсаңыз немесе қателесіп алаяқтарға хабарлаған болсаңыз, онда картаны дереу бұғаттау үшін банкке қоңырау шалыңыз;

14. Электронды құрылғыларға күмәнді бағдарламаларды орнатудан аулақ болыңыз.

15. Жеке интернет-банкингке кіру үшін жалпыға ортақ (ашық) wi-fi желісін пайдаланбаңыз;

16. Интернет-банкинг сервисін қосатын құрылғыларда лицензиялық антивирус бағдарламалық жасақтамасын қолданыңыз.

Есіңізде болсын, қырағылық - алаяқтардан қорғанудың ең жақсы тәсілі!

4 маусым 2021, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.