Атырау, 11 қазан 17:23
 ашықВ Атырау +7
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Интернеттегі алаяқтардан қорғанудың басты құралы - «тегін олжаға» сенбеу

3 166 просмотра

Жыл басынан бері Атырау облысы аумағында интернеттегі алаяқтықтың 400-ге жуық фактісі тіркелген. Жергілікті тұрғындарды елдің басқа аймақтары мен ресейлік қылмыскерлер өте үлкен сомада жиі алдайды. Полиция мұнымен қалай күреседі, атыраулықтардың өздері қаскөйлерден қалай қорғана алады? «АЖ»-ның осы және басқа да сұрақтарына ПД криминалды полиция басқармасы бастығының м.а. Аманкелді ІЗМАҒАНБЕТОВ (суретте) жауап береді.

- Егер өткен жылдың осы кезеңінде осы салада 223 қылмыс жасалған болса, қазір 369 қылмыс болған. Оның ішінде 44 қылмыс ашылды, - дейді А.Ізмағанбетов.

- Қылмыстың ашылуы айтарлықтай емес...

- Көбіне күдікті тұлғалар республикамыздың әр облысынан және Ресей Федерациясынан шығады, бұл, әрине, тергеу жұмысына кедергі келтіреді. Бұдан басқа, алаяқтың көбі Qiwi әмиян арқылы жұмыс істейді, ол жерде оларды қадағалау өте қиын. Бірақ біз ондайларды да ұстадық.

- Полиция департаментінде осындай қылмысты ашумен айналысатын арнайы бөлім бар ма?

- Полиция департаменті бастығының 09.02.2021 жылғы №76 бұйрығына сәйкес, интернет саласындағы қылмыстардың алдын алу, ашу және тергеу бойынша мамандандырылған жедел тергеу тобы құрылды.

- Мұндай жағдайда полиция хакерлердің көмегіне жүгіне ме?

- Жоқ, осы топ қызметкерлерінің белгілі бір даярлығы бар.

- Интернеттегі алаяқтың портретін құрастырайық. 

- Бұл негізінен жас және орта жастағы адамдар. Олар үшін бастысы - үйден шықпай-ақ оңай ақша табуға ұмтылу, сонымен бірге жазасыз қалу. Себебі, жәбірленушімен визуалды және физикалық байланыс жоқ. Қаскөйлер айлакер, өз әрекеттерін ұсақ-түйекке дейін ойластырады. Сондықтан да оларды ұстау оңай емес.


ОЛАР БІЗДІ ҚАЛАЙ АЛДАЙДЫ?

- Интернеттегі алаяқтықтың негізгі сызбаларын суреттеп берсеңіз.

- Олардың түрі көп, алаяқтар жаңа технологияны меңгеріп, көштен қалыспай келеді. Мысалы, сіз жарнама сайтына жарнама орналастырасыз. Алаяқ сізге басқа қаладан сатып алушының атын жамылып, тауарларды сатып алуға уәде береді де, ақша аудару үшін сіздің банк картаңыздың деректемесін сұрайды. Олай етуге мүлдем болмайды, өйткені картаңыздан ақша шығарып алады. 

Екінші әдісі - жәбірленушінің атына онлайн-несие рәсімдеу. Бұл көбіне құжаттар жоғалған немесе күмәнді сайттарда жеке деректеріңізді жазып, сауалнама толтырған жағдайда орын алады.  Банк қызметкері атынан қоңырау шалып, бөгде карталарды пайдалану оқиғаларының жиілігеніне «алаңдайтын» және өз қауіпсіздігіңіз үшін «логин» мен «пароль» сияқты құпия деректеріңізді сұрайтын жалған қоңыраулар да бар. Осы жерде тағы айта кететін маңызды нәрсе – банк болсын, құқық қорғау орындары болсын, еш уақытта сізге телефонмен хабарласып немесе мессенджермен жазып, логин, пароль секілді құпия мәліметтерді сұрамайды. Қажет болса, банк қызметкері сізден кеңсеге тікелей келуіңізді өтінуі мүмкін, өйткені мұндай мәселелер телефон арқылы шешілмейді. Мұны есте ұстау керек.

Әлеуметтік желіде бірнеше күн ішінде салған қаражатыңызды 100% көбейтіп беремін дейтін бірнеше платформа бар.

Мысалы, азаматша З.Төлепова Whatsapp әлеуметтік желісінде «Вклад Зина-Акшолпан» деген чат ашып, Қазақстанның әр облысының тұрғынына бір апта ішінде салынған ақшаны екі есеге көбейтіп беремін деп уәде берген. Осы іс бойынша 80-ге жуық жәбірленуші қатысып жатыр. Күдікті ұсталып тергеу амалдары жүргізілуде. 

Интернеттегі жалған дүкендердің адамды алдау фактілері көп: олар уәде етілген тауар үшін ақша алады да, ғайып болады.

 

БРОШЮРА ТАРАТЫЛЫП, РОЛИКТЕР ЖАРИЯЛАНУДА

- Интернеттегі алаяқтардың құрбаны болмау үшін не істеу керек?

- Біріншіден, айталық, бірнеше күн ішінде ақшаны екі немесе үш есеге көбейту туралы жарнамаға сенуді қою керек. Кей адамдар тегін жатқан дүние жоқ екенін әлі күнге дейін түсінбейді. Соған таң қаламын. Интернетте «нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен» бағамен жарнамаланатын керемет тауарларға да қатысты осы. Асықпаңыз. Қайырымдылық жасайтындай қандай сайт, мекен-жайының, байланыс деректерінің дұрыстығын анықтауға тырысыңыз, сатушысымен хабарласыңыз. Егер ол мүмкін болмаса, тәуекел етудің қажеті жоқ.

...ІІМ нұсқауына сәйкес, біз ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, алаяқтықтың алдын-алу, оны тергеу және ашу бойынша 2021-2022 жылға арналған бағдарлама жасақтадық. Бағдарлама шеңберінде өңір тұрғындары үшін түсіндірме жұмыстары  қарастырылған.

Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, қала тұрғындарының назарына түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Ірі сауда орталықтарында («Дина», «Мерей», «Көктем», «Насиха», «Байзар» т.б.) брошюралар таратылып, әлеуметтік желіде аудио-бейнероликтер жариялануда.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор

1 маусым 2021, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.