Кезектен тыс президент сайлауы қарсаңындағы сайлауалды үгіт-насихат науқаны 1 наурызда басталды. Ел президенттігі үшін төрт үміткер бақ сынасатын болады.
Бастапқыда Қазақстан президенттігінің орнына 22 адам дауысқа түспекші болып жоспарланған еді. Алайда, олардың жартысы қазақ тілінен емтихан тапсыру барысында екшеленіп, шығып қалды. Ал, қалған 11-дің ішінен тек төртеуі ғана Орталық сайлау комиссиясына 91 мыңнан аса сайлаушылардың қолын ұсына алды.
Атырау облысы бойынша 2011 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша электронды дерекқорда 280926 сайлаушы тіркелген. 15 наурызға дейін жергілікті атқарушы органдар тізімдерді нақтылау жұмыстарын жүргізетін болады.
«Таяу арада БАҚ-да кез-келген адам өз қалауы бойынша өзінің жергілікті тіркелуі бойынша тізімде бар жоғын және қай учаске бойынша дауыс беретіндігін нақтылауы үшін анықтама қызметінің телефондары жарияланытын болады,-дейді Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Әнуар ТӘШЕНОВ.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан Қазақстандағы сайлауалды науқанды 44 бақылаушы көз қырына алатын болады. Және тағы да 400 бақылаушы елімізде сайлау күні сайлауға қатыспақшы. Сайлауалды үгіт-насихат науқаны 1 сәуірде аяқталады, кезектен тыс өткізіліп отырған президент сайлауы 3 сәуірде болады.
Анастасия ПАСТУХОВА