Атырау, 29 наурыз 13:25
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

ТШО-ға қазақстандық басшылық етсе? Көпшілігі - қарсы

3 157 просмотра

Энергетика министрі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ болашақта ТШО-ға қазақстандық азамат басшы бола алады деген мәлімдемесі «AЖ» сайтында комментаторлардың қызу талқысына түскен еді. Көбіне теріс пікір айтылды.

Әдеттегіше пікір: «Егер жергілікті тұрғын Теңіз кенішін басқаратын болса, онда сәке-мәке басталады, тек өз адамдары жұмыс істейді, жұмысқа деген жауапкершілік НОЛЬ болады, ал Теңіз әрекетсіздік пен немқұрайлылықтан жарылады! Зауыт тоқтайды! Бұған 100% кепілдік». Құптаған («Біз өз кадрларымызды көтеруіміз керек, әйтпесе бәрін экспаттар басқара береді») жауаптар да болды.

Ал «AЖ» жүргізген сауалнамаға сүйенсек, жауап берушілердің 83%-ы бұл идеяға «қарсы» болып, 17%-ы «қолдады». Сауалнамаға 1121 адам қатысты.

 

САРАПШЫЛАР НЕ ДЕЙДІ

«АЖ» мұнайгаз саласының сарапшыларына комментарий алуға жүгінді.

Мұнайгаз саласындағы Petrocouncil Стратегиялық серіктестікті дамыту кеңесінің жетекшісі Асылбек ЖАКИЕВ:

- Біз де Petrocouncil-дің Linkedin парағында сауалнама жүргіздік. Оған 700-ден астам адам қатысты. 43%-ы - компанияны қазақстандықтың басқару идеясына қарсы болды, 39%-ы бұл идеяны қолдады, қалғаны білмейміз деп жауап берді. Дауыс бергендер - мұнайгаз саласының қызметкерлері. Нәтижеге сүйенсек, біздің қазақстандық басқару стиліне деген сеніміміз әлі де төмен деуге болады.

Егер ТШО-ны ағайыншылық, тамыр-таныстық орын алған ұлттық «ҚазМұнайГаз» компаниясымен салыстыратын болсақ, американдықтар мүлдем басқа жүйе құрған. Басты қауіп - егер адам бұл қызметке ұлттық компаниядан шартты түрде келсе және ол меритократия қағидасы бойынша тағайындалмаса, онда бұл біреудің жеке адамы болады және оның мүддесіне қызмет етеді.

Мұнайгаз нарығының сарапшысы Сергей СМИРНОВ:

- Қазіргі болмыспен алсақ, мен мұндай идеяны қолдамаймын. Біріншіден, сыбайлас жемқорлық тәуекелі мол. Екіншіден, білім деңгейіне қараңыз, біздің елде оның деңгейі төмен. Болашақта компанияларды кеңестік білімі бар мамандар емес, бүгінгі түлектер басқарады. Олар немен келеді? Мысалы, геология саласын немесе машина жасауды алайық, бізде жоғары оқу орындарында мұндай тәжірибе жоқ. Кеңес заманында студенттер жұмыс жасап тұрған кәсіпорындарда практикадан өтіп, жұмыстың қалай болатынын көздерімен көрді. Қазір мұндай жоқ, тек теория.

Журналист Олег ЧЕРВИНСКИЙ:

- Күрделі сұрақ, оған нақты жауап жоқ. Әрине, Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылында жоғары кәсіби менеджерлер буыны  өсті, сондықтан олардың арасынан ТШО басшысын табуға болады деп ойлаймын. Бүкіл мәселе - бұл жай мұнай жобасы емес, бірақ айтарлықтай деңгейде геосаяси, әрі «Теңізшевройлдың» елдің ірі салық төлеушісі болуына байланысты Қазақстан экономикасы үшін өте сезімтал.

Қазақстанда жоғары дәрежелі шенеуніктердің, түрлі кландардың, қаржылық-өндірістік топтардың және тағы басқалардың саяси қысымына төтеп бере алатын кәсіби маман бар ма? Сенімді емеспін.

Осы тұрғыда О.Червинский «Блумберг» агенттігінің 2018 жылдың қазан айындағы жарияланымын еске түсірді. Онда «Шелл» концерні «Debevoise & Plimpton» заң фирмасы оның қызметін бағалағаннан кейін «ҚазМұнайГаз» акцияларын сатып алу туралы ұсыныстан бас тартқаны айтылған. Тармақтардың бірі - ұлттық компанияның сыбайлас жемқорлыққа осалдығы болды. Бұдан басқа, қазақстандық бизнес пен саясаттың ірі тұлғалары ҚМГ-ға бейресми түрде ықпал ететінін талдау жұмыстары көрсеткен.

- Ал дәл сол тұлғалар қазақстандық бас директор арқылы елдің ең ірі мұнай өндіруші кәсіпорнына «бейресми ықпал» еткісі келмейтініне қандай кепілдік бар? - деп сұрайды Червинский. Оған біздің жауабымыз жоқ ...

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

7 сәуір 2021, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.