Ресей Вашингтондағы елшісін АҚШ-пен қарым-қатынасты сараптау үшін кеңесуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап.
Ресей үкіметі АҚШ-тағы елші Анатолий Антоновты Вашингтонмен алдағы қарым-қатынастың қалай болатынын талдау үшін Мәскеуге шақырды деп мәлімдеді.
"Жаңа америкалық басшылық билікке келгеніне екі айға жуық уақыт болды. 100 күндік кезең жақындап қалды. Бұл Байден командасының алдағы жоспарын бағалауға мүмкіндік береді. Егер америкалықтар алдағы тәуекелдерді түсінсе, біз жағымсыз қарым-қатынасқа жол бермеуге мүдделіміз", - делінген Ресей СІМ хабарламасында.
Сыртқы істер министрлігі "Ресей үшін ең бастысы - Вашингтон соңғы жылдары бастаған Ресей-Америка қарым-қатынастарының алдағы уақытта қандай болатынын анықтау" екенін айтты.
Бұл қадам АҚШ президенті Джо Байден ABC News телеарнасына берген сұхбатында Ресей президентін "жоюшы" деп санайсыз ба деген сұраққа "иә" деп жауап беріп, Ресейдің АҚШ президенттік сайлауына араласуы мүмкін екендігін айтқаннан кейін жасалды.