Атырау, 25 қараша 09:45
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Украинада билік індеттің үшінші толқыны басталғанын жариялады

2 210 просмотра

Ал Украинада коронавирус жұқтырғандар саны бір тәулікте 10 мың адамға жуықтады. Күніне 260-тан аса науқас дерттен көз жұмады. Билік індеттің үшінші толқыны басталғанын жариялады. Елдің 5 облысы күшейтілген карантин режиміне қайта оралды, деп хабарлайды 24.kz.

Украинаның батыс аймағындағы эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты 13 наурыздан бастап атақты «Буковель» тау шаңғы курорты жұмысын тоқтатты. Ивано-Франковск облысында ковид науқастарына арналған төсек тапшылығы байқалады, сондықтан 120 орынға арналған қосымша мобильді госпиталь құрылған. Киевтегі жағдай да мәз емес, мұнда тәулігіне вирус мың адамнан анықталған, жүзден астам адам емханаға жатқызылды. Денсаулық сақтау министрі «жалпы мемлекеттік локдаун қайта орнауы мүмкін» деп мәлімдеді.

Максим Степанов, Украинаның денсаулық сақтау министрі: 

- Эпидемиологиялық ахуалы нашарлап, қауіпті қызыл деңгейге енгізілген облыстарға қатаң карантин қайтып келді, сондықтан қазір жағдай біздің бақылауымызда. Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтағанымыз жөн, қызыл деңгейге облыстардың 50-70 проценті өткен болса, жалпы мемлекеттік локдаунды қайта енгізу қажет. 

Дей тұрғанмен, қаладағы көңіл көтеретін орындар шартты карантин ережелерін сақтай бермейді. Сағат 23:00 жабылуы тиіс кафе, бар мен түнгі клубтар жұмысын таңға дейін жалғастыруда. Айталық, қаланың қақ ортасындағы мына бір түнгі клубқа біз түнгі он бірден кейін де оңай кірдік, бір қызығы кіреберістегі күзетші телефон камерасын стикермен жабуды қадағалап тұрды. 

Максим Степанов, Украинаның денсаулық сақтау министрі: 

- Бір аптаның ішінде 60 748 дертті анықталды. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 6 мың адамға көп. Ахуал асқынып барады. Қажетті аппаратпен жабдықталған төсек орындарының тапшылығы орнады. Аида Қыдырбай, тілші: - Соңғы тәулікте Украинаның туристер жіті қатынайтын Львов қаласында да жағдай асқынған. Қала мэрі мәлім еткендей, емханалардағы төсек тапшылығымен қатар өкпені жасанды желдететін аппараттар жетіспейді. Сондықтан Львов қаласында да 366 адамға арналған қосымша 5 мобильді госпиталь ашу жоспарланған. Бұл госпиталь қаладағы емханалардың жанында қосымша көмек ретінде қызмет ететін болады. Қазір Львов қаласында да Киевтегі сияқты коронавирус жұқтырғандар саны тәулігіне мың адамнан асып отыр. 

17 наурыз 2021, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.