Атырау, 25 қараша 09:32
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Түркия туристер үшін шектеулерді ұзартты

2 577 просмотра

Түркия билігі коронавирус жұқтырмағанын растайтын тест нәтижесін талап ету мерзімін ұзартып, елге келгендерге шектеулерді сақтап қалды, - деп хабарлайды kaz.tengritravel.kz порталы lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Түркияға келгендердің бәрі сапардан 72 сағат бұрын жасалған ПТР-тестінің теріс нәтижесін ұсынуы керек. Бұл талап 2021 жылдың 15 сәуіріне дейін сақталады.

ПТР-тест жасамаған туристерге ұшуға рұқсат етілмейді. Тек транзит және трансфер арқылы ұшатын жолаушыларға бұл талап қойылмайды.

Бұған дейін коронавирус пандемиясына байланысты Түркияның курорттарындағы туристік маусым және оның аясында енгізілген шектеулер 2021 жылдың сәуірінде басталады деп хабарланған болатын.

10 наурыз 2021, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.