Атырау, 25 қараша 11:40
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Армения президенті елде қалыптасқан жағдайға байланысты халыққа үндеу жариялады

2 582 просмотра

Армения президенті Армен Саркисян мемлекетте қалыптасқан жағдайға байланысты республика халқына үндеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Арменпресс» агентігіне сілтеме жасап.

«Елде қиын жағдай туындады. Оның салдары мемлекетіміздің болашағына қауіп төндіреді. Арменияда әскери жағдай жарияланды. Мен мемлекетіміздің барлық күш құрылымдарын, саяси күштерді, азаматтарды жағдайды салмақты бағалап, ақылға келуді сұраймын. Қазір ойланбай айта салған кез келген сөз жағдайды одан сайын ушықтыра түседі. Барлығыңызды қырағы болуға шақырамын»,-деді ел басшысы. 

Арменияда осы кезде саяси жағдай шиеленісіп тұр. Таң ата Армения астанасының әр бөлігінде тәртіпсіздіктер болып, тұрғындар ел Премьер-Министрі Никол Пашинянның қызметінен кетуін талап етті. Демонстранттар бірқатар қала көшелерін жауып тастады. АР Қарулы Күштерінің Бас штабы мәлімдеме жасап, онда Бас шатабтың бірінші орынбасары Тиран Хачатрянның қызметінен кетуіне қарсы екендіктерін айтты.

Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян АР ҚК Бас штабтың мәлімдемесін әскери төңкеріс деп бағалап, өзінің жақтастарының барлығын алаңға шығуға шақырды.

25 ақпан 2021, 21:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.