Атырау, 25 қараша 11:41
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Үндістан мен Пәкістан 20 жыл ішінде алғаш рет атысты тоқтатуға келісті

2 182 просмотра

Ядролық державалар Үндістан мен Пәкістан 20 жыл ішінде алғаш рет атысты тоқтатуға келісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Үндістан мен Пәкістан әскери қолбасшылары бақылау сызығындағы атысты тоқтатуға және 25 ақпаннан бастап барлық келісімдерді қатаң сақтауға келісті. Бақылау сызығы - Кашмирдегі Үндістан мен Пәкістан арасындағы демаркация сызығы, мемлекеттер арасындағы шекара.

Мұндай қадам 2003 жылдан бері алғаш рет жасалды. Ссарапшыар бұл жағдай елдер арасындағы шиеленісті азайтады деп болжайды.

Үндістан қорғаныс министрлігі бұл жағдайды растады. Қолданыстағы байланыс тетіктері кез-келген күтпеген жағдайларды немесе түсінбеушіліктерді шешу үшін қолданылады.

Бұрынғы Джамму және Кашмир княздігінің аумағы Үндістан мен Пәкістан арасында іс жүзінде бөлінген, дегенмен әр тарап аймақты толық бақылауға алуды талап етеді. Демаркация сызығында (бақылау сызығы, елдердің шартты шекарасы) көптеген үнді және Пәкістан әскерлері шоғырланған.

25 ақпан 2021, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.