Атырау, 25 қараша 11:32
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Грузияда гидтер ереуілге шықты

2 473 просмотра

Ақпанның 21-і халықаралық туристерге қызмет ететін жол көрсетуші мамандардың мерекесі. Әдетте Грузияда жыл сайын бұл күні тегін экскурсиялар ұйымдастырылатын6 деп хабарлады 24.kz.

Алайда қазір елде турист жоқ. Сондықтан гидтер өз мерекесінде наразылық шара ұйымдастырды. Туризм саласының өкілдері үкіметтен шектеулерді алып тастауды талап етіп отыр. Грузия алғаш рет халықаралық гидтер күнін туристерсіз атап өтті. Бұрын бұл мерекені кеңінен тойлап, қонақтарға экскурсиялар тегін өткізілетін. Ал биыл бұл күні туризм саласының өкілдері наразылық шеруге шықты. 

Гурам Гогишвили, наразылық шара ұйымдастырушысы: - Қойып отырған басты талабымыз бүкіл бизнесті ашу. Өйткені экономикамыздың жағдайы өте нашар. Осы шараға гидтермен қатар тау-шаңғы курорттары, балаларға арналған ойын-сауық орталықтары, мәдени мекемелер мен өзге де туристік нысандардың қызметкерлері қатысты.  

Елдегі туризм саласы тоқырап қалғанына бір жылдай уақыт өтті. Болашағы бұлыңғыр. Әуе қатынасы қайта жанданығанмен елге келетін туристерге қатаң талаптар қойылған. Мәселен, Грузияға бұрын Қазақстан мен Украина тұрғындары жиі саяхаттайтын. Алайда бұл елдерде жаппай вакциналау науқаны әлі басталған жоқ. Демек, Грузияға келу үшін міндетті вакциналау төлқұжаты да жоқ.   

Леван Худоверов, гид: 

- Ковид-19-ға қатысты жағдай күрделі екенін бәріміз де түсінеміз. Алайда нан алуға ақша болмаса, аштан өлеміз ғой. Үйдегі бар мүлікті сатуға мәжбүр қалдық. Үкіметтен ПТР-тесттері бар адамдарды елге кіргізуін сұрап отырмыз. Тесттерін өзіміз төлеп, тексеруге дайынбыз. 

Ирена Стуруа, наразылық шара ұйымдастырушысы: 

- Бүгін Грузияның тұңғыш Конституциясы қабылданғанына 100 жыл толды. Мұның өз мәнісі бар деп санаймын, өйткені соңғы кезде салынған шектеулер адам құқықтарын өрескел бұзды. Мысалы, коменданттық сағат жариялау Ата заңымызға қайшы. Өйткені дәл осындай шара қабылдайтындай елде төтенше жағдай жарияланған жоқ. 

Десе де, билік өкілдері бұл наразылық акциясына назар аударған жоқ. Өйткені премьер-министр отставкаға кеткеннен кейінгі басты міндет елдегі саяси дағдарысты шешу. Ал елде коронавирусты жұқтыру көрсеткішінің төмендей бастағаны, алдағы екі-үш аптада кейбір шектеу алынатынынан дәмелендіріп отыр. 

22 ақпан 2021, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.