Жерорта теңізінде мұнай өнімдерінің төгілуі салдарынан Израиль жағалауының 160 шақырымға жуық учаскесі гудрон немесе шайырға ұқсас қара ұйынды жамылды. Бұл елдің табиғаты мен жануарлар әлемі үшін экологиялық апат, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
Жексенбі күні Израиль билігі адамдарды Жерорта теңізінің жағажайларынан алыс жүруге ескертті, себебі онда алып мұнай дағын тазалау жұмыстарымен мыңдаған жұмысшы мен еріктілер айналысып жүр.
Израиль елінің Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бағалауынша, қара ұйындылар белгісіз кемеден ондаған немесе жүздеген тонна мұнайдың төгілуі салдарынан болған.
Израильдің Табиғат және саябақтар басқармасы мұнайдың төгілуін ел тарихындағы «ең күрделі экологиялық апаттардың бірі» деп атады. Ресми тұлғалар тазалау жұмыстарына айлар, тіпті жылдар өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.