АҚШ президенті осылайша кедей елдерді вакцинациялау бағдарламасын қаржыландыруға өзге елдерді де тартпақ, деп жазды BAQ.KZ korrespondent.net.
Джо Байден халықаралық COVAX бастамасын екі миллиардтан екі рет ақша бөліп, қаржыландырмақ. Бірінші төлемді жасау туралы шешімін ол G7 кездесуі кезінде хабарлайды деп күтілуде.
Осылайша өзге елдердің де кедей мемлекеттерді вакцинамен қамтамасыз етуге ынталандыруды жөн көрген.
Екінші төлемді АҚШ алдағы екі аптада жасайтын болады. Америкалық Конгресс қаржы бөлу туралы шешімді қолдаған.
Естеріңізге сала кетейік, COVAX – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басқарып отырған вакцинация жөніндегі Gavi альянсі мен Эпидемияға дайындық орталығы CEPI ұйымының бірлестігі.
Оның мақсаты - әлемнің барлық елін вакцинамен қамтамасыз ету.
Бұған дейін ДДСҰ COVAX механизмі бойынша вакцина ақпанда жеткізіле бастайтынын хабарлаған.
Ұйымның болжамы бойынша 145 ел вакцинамен қамтылатын болады.