"Нұрлы жол" кеден бекетінің қызметкерлері ұсталды

758 рет қаралды

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары Қытаймен шекарадағы "Нұрлы жол" кеден бекетінде мемлекеттік кірістер органының қызметкерлерін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ветеринарлық, фитосанитарлық бақылау органдарының қызметкерлері ұсталғаны хабарланды. Бәрі мемлекеттік шекарадан кедергісіз өткізу үшін жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді.

"Қажет тергеу шаралары жүріп жатыр, Бас көлік прокуратурасы істі тергеу барысын бақылауға алды. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты айтылмайды", - деді баспасөз қызметіндегілер.
11 тамыз, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.