Атырау, 24 сәуір 16:16
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Ақтөбеде жанармай бекетінде кассир әйел қарулы қарақшыға қарсы тұрды – видео

Бейнежазба
2 597 просмотра

Ақтөбе маңындағы жанар-жағармай құю бекетінің бірінде ер адам кассирді пышақпен қорқытып, ақша бопсалаған, деп хабарлады Polisia.kz порталы.

Оқиға 30 шілде күні түнгі сағат 03:00 шамасында болған.

"Күдікті кассирді пышақпен қорқытып, ақша талап еткен. Дүкен күзетшісі күдіктіге қарсы шықты. Алайда қарақшы күзетшіні итеріп, қашып кетті", - делінген ақпаратта.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар кешенін өткізіп, қылмыс жасалған ауданда орналасқан бейнебақылау камераларын қарады.

Нәтижесінде 22 жастағы күдікті бір тәулік ішінде анықталып, бірнеше күннен кейін ұсталды. Қылмыс құралы болған пышақ тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қазақтан қылмыстық кодексінің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Ақтөбе қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

10 тамыз 2020, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.