Атырау, 20 сәуір 03:49
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Балаларда анықталып жатқан Кавасаки синдромы - өте ауыр дерт

3 580 просмотра

Жыл басынан бері Қазақстанда Кавасаки синдромына шалдыққан үш бала тіркелді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахмет мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жыл басынан бері елімізде Кавасаки синдромына шалдығудың үш жағдайы тіркелген. Нұр-Сұлтан, Алматы мен Петропавл қаласында. Балалардың жағдай әртүрлі. Мәселен, жақында мен елорданың денсаулық сақтау басқармасының басшысымен сөйлестім. Оның сөзіне қарағанда, баланың жағдайы тұрақты. Бірақ бұл - өте ауыр синдром", - деп атап көрсетті Қожахмет. 

Министрліктің ресми өкілі жыл басынан бері коронавирусқа шалдыққан балалардың санын да жариялады. 

"13 наурызда бізде коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді. Содан бері 2 257 бала коронавирустық инфекцияға шалдықты. Осы балалардың ішінде дәл қазір 114 бүлдіршін ауруханада ем алып жатыр", - деп атап көрсетті Қожахмет.

10 тамыз 2020, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.