Атырау, 14 қыркүйек 09:15
 дождьВ Атырау +17.9
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жаңаөзенде ұстау операциясын өткізді – видео

3 361 рет қаралды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жаңаөзен қаласында деструктивті діни ағымда жүрген екі адамды ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, 7 тамыз күні атыс қаруын заңсыз жасау және өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталған.

"Соның аясында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында деструктивті діни ағымды ұстанушы 2 тұрғынды ұстады. Тінту кезінде заттай айғақтар, оның ішінде екі автомат, үш тапанша, дыбыссыз атуға арналған құрылғы, сондай-ақ оқ-дәрілер табылып, алынды", - делінген ресми хабарламада.

9 тамызда сот күдіктілерді қамауға алу туралы санкция берді. Қазіргі кезде олардың экстремистік сипаттағы қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

10 тамыз 2020, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.