Атырау, 24 сәуір 14:29
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Тоқаев жаңа оқулық әзірлеуді тапсырды

2 851 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Абай – рухани реформатор" атты мақаласында "Абайтану" оқулығы мен хрестоматиясын әзілеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Президенттің айтуынша, қазір елімізде абайтанумен айналысатын бірнеше ғылыми-зерттеу орталығы бар. Алдағы уақытта олардың жұмысын жүйелеп, астанадағы Абай академиясының төңірегінде топтастырған жөн. Академия барлық зерттеу мекемелерінің жұмысын ғылыми тұрғыдан үйлестіруші міндетін атқара алады.

"Алдағы уақытта гуманитарлық пәндердің бөлінбес бөлшегі ретінде "Абайтану" курсын оқыту мәселесін қолға алу керек. Жаңа философиялық және саяси ұстаным тұрғысынан "Абайтану" оқулығы мен хрестоматиясын әзірлеу қажет. Сондай-ақ Абайдың "толық адам" ілімі жан-жақты әрі терең зерттелуге тиіс", - деп жазды Тоқаев.

Мемлекет басшысы ХІХ ғасырда өмір сүрген Абайды ХХІ ғасырдың сөзін сөйлеген данышпан ретінде әлемге таныту қажеттігін де жеткізді.

"Сонымен қатар оны ұлттық сананы жаңғыртуға зор ықпал еткен рухани реформатор ретінде дәріптеуге міндеттіміз. Түптеп келгенде, әрбір қазақ Абаймен мақтануға тиіс! ", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Биыл 10 тамыз елімізде алғаш рет Абай күні аталып өтіп жатыр. Бұл дата үкімет қаулысымен мерекелік күндердің тізбесіне ресми түрде енгізілді.

10 тамыз 2020, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.