Атырау, 8 мамыр 08:49
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Бүгін елімізде алғаш рет Абай күні аталып өтеді

3 241 просмотра

Бүгін қазақтың ақылы, ақыны Абайды ұлықтап, алғаш рет Абай күнін аталып өтеді. Үкіметтің қаулысымен 10 тамыз мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Бұл датаның таңдалуы бекер емес. Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына тура 175 жыл толып отыр. Тарихи датаға орай елімізде 100-ге жуық іс-шара өтпек, деп хабарлайды 24.kz.

Мәдениет және Спорт министрлігінің ақпаратына сай, ұлы ойшылдың  тұлғасы мен мұрасын ұлықтау Семейдегі «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорығында басталады. Мұнда «Хәкім Абай» атты арнайы әзірленген бағдарлама тікелей эфирге шығады. 

Бұдан соң, өңірлерде танымал мәдениет және өнер қайраткерлері ақынның шығармаларын оқиды. Сондай-ақ, «Абай және XXI ғасыр: болашақпен сұхбат» атты халықаралық конференция өтеді. Оған  танымал ғалымдар мен абайтанушылар қатысады. Бұдан басқа, Абай қорық музейі мен «Абай-Шәкәрім» кесенесіне онлайн экскурсия жасауға болады. Абай – қазақтың ғана емес, адамзаттың ақыны. 

Сондықтан ұлы ойшылдың шығармалары әлемнің 8 тілінде оқылмақ. Осы мақсатта «Abai world challenge» атты видеомарафон ұйымдастырылады. Челленджге əлемнің түкпір-түкпірінен ғалым-зерттеушілер, аудармашы, жазушы, зиялы қауым өкілдері, Төтенше жəне Өкілетті Елшілері қатысады. 

Елорда мен өңірлерде кемеңгер ойшылды еске алу үшін гүл шоқтарын қою рəсімі өтеді. Бар іс-шараны Мәдениет және спорт министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшаларынан көруге болады. Ал ең бастысы, мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек.  «Президент те осыны қадап тапсырған еді», – дейді министрлік өкілдері.

10 тамыз 2020, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.