Атырау, 22 желтоқсан 09:30
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Ресейде оқитын қазақстандық студенттер тығырыққа тірелді

3 078 рет қаралды

Қазіргі уақытта Ресейде оқитын қазақстандық студенттер үшін шекара уақытша жабық. Бұл туралы Ресей Федерациясындағы ҚР елшілігі мәлім етті,деп хабарлайды zakon.kz.

Елшілік жағдайды ерекше бақылауда ұстап, Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіп жатқандығын атап өтті.

- Мүмкін келесі аптада бұл мәселеге қатысты жауап алынады, ол туралы қолдағы бар ресурстар арқылы бірден хабарлаймыз. Сондықтан бізден хабар күтіңіздер. Туындаған форс-мажор жағдайға түсіністікпен қарап, сабыр сақтап, дүрбелеңге бой алдырмауларыңызды сұраймыз, - делінген елшілік хабарламасында.

Әлемнің көптеген елінде коронавирус пандемиясына байланысты дәл осындай жағдайтуындаған, деп атап өтті елшіліктегілер.

7 тамыз 2020, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.