Қазақстандықтар шілдеде 5,4 миллиард теңгенің көмегін алды

480 рет қаралды

Осы жылдың шілде айында 1 миллионға жуық қазақстандық жалпы сомасы 5,4 миллиард теңгеге азық-түлік және тұрмыстық жиынтық үшін төлем алды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Әлеуметтік қолдаудың бұл түрімен 1,1 миллион адамды қамту жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша карантиндік шаралар кезеңінде азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында азық-түлік және тұрмыстық жиынтық алушылардың тізімі кеңейтілген болатын. Қарым-қатынас жасауды азайту және COVID-19 індеті таралмауы үшін жиынтықтар балама ақшалай төлемдермен алмастырылды.

Келесі 5 әлеуметтік топқа жататын азаматтар төлем алушылар болып саналады:

  • атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы, оның ішінде көпбалалы отбасылардағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;
  • медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
  • медициналық, әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;
  • мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдар;
  • жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар.

Көмектің осы түрін алушылардың тізімін жергілікті атқарушы органдар жасайды.

Дереккөз: sputniknews.kz

6 тамыз, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.