Коронавирус анықтамасын сатқан медицина қызметкері қылмыс үстінде ұсталды – видео

Бейнежазба
621 рет қаралды

Медицина қызметкері адамның коронавирус инфекциясын жұқтырмағанын растайтын анықтамаларды ақшаға сатқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде жалған анықтамаларды беру фактісін анықтады.

"Медицина қызметкері "Covid-19-ға" теріс нәтиже көрсетілген ПТР анықтамасын бергені үшін 25 000 теңге көлемінде ақша алып жатқан жерінен ұсталды. Жауап алу барысында Алматы облысының тұрғыны маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін 12-ге жуық осындай анықтама жасағанын мойындады", - дейді тергеушілер.  

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

6 тамыз, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.