Атырау, 29 наурыз 16:42
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Министрлік Ақтаудағы жаназаға қатысты тексеруді бастады

3 648 просмотра

Ішкі істер министрлігі Ақтау қаласында өткен жаназаға қатысты тексеріс бастады. Карантиндік шектеуге қарамастан, Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің басшысы Мақсұтхан Әбләзімовтің анасын ақтық сапарға шығарып салуға жүздеген адам жиналған болатын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрлік баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Маңғыстау облыстық полиция департаменті тиісті шараларды дер кезінде қолға алмады. Соның салдарынан қатаң карантин кезінде тәртіп бұзушылыққа жол берілді. Осыған байланысты министр қызметтік тексеріс өткізуді тапсырды. 

"Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақтау қаласындағы жерлеу рәсіміне адамдардың көптеп жиналуына қатысты қызметтік тергеу шараларын өткізуді тапсырды", - деді ведомствода.

Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысы бойынша 3-17 тамыз аралығында қатаң шектеу шаралары енгізілген болатын. Көпшілік шараларын өткізуге де тыйым салынды. Соған қарамастан, Ақтау қаласындағы жаназаға жүздеген адам жиналды. Ал кейбір тұрғындар бас полицей мен санитарды отсатвкаға жіберуді талап етті.   

Бұған дейін желіде Ақтаудағы жаназаның видеосы тараған болатын. Ресми ақпаратқа сәйкес, полиция генерал-майоры, Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің басшысы Мақсұтхан Әбләзімов пен бизнесмен Бахаридин Әбләзімовтің анасы Бибіжамал Әбләзімова 79 жасында өмірден озды. Жүздеген адам оны жерлеу рәсіміне жиналды. 

Айта кеткен жөн, Бахаридин Әбләзімов Forbes-тің нұсқасы бойынша Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесменінің тізіміне кіреді.

4 тамыз 2020, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.