Атырау, 25 ақпан 13:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.85
€ 585.54
₽ 6.49

Алматыда ер адам полицияға оқ атты

3 173 рет қаралды

Алматыда ер адам тәртіп сақшысына оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция күдіктіден қаруды алу үшін арнайы жасақ шақырған. "102" қызметіне әйел хабарласып, отбасындағы жанжалдан кейін күйеуі өз-өзіне қол салмақ болғанын айтқан. 

"Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Фархат Режапов барды. Ол осы тұрғын үйдің ауласында оқ атылғанын естіпті: екінші қабаттағы пәтерде полицияға хабарласқан әйелдің күйеуі оқ атқан. Алайда оқ тәртіп сақшысына тимей ол аман қалған. Күдіктіден қаруды полицияның арнайы жасағы алған", - дейді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

37 жастағы ер адам тіркелген аңшы қаруынан оқ атқан. Ол есірткі қолданған.

Қазір таңда күдікті Алмалы ауданының полиция бөлімінде қамауда отыр.

4 тамыз 2020, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.