Атырау, 26 сәуір 08:09
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Суық хабар жетті": үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды

3 323 просмотра

Үш қазақстандық спортшы жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы Қазақстанның күрес федерациясы хабарлады.

Еркiн күрес шеберлері - Жақсыбек Қарабалаев, Iлияс Жұмай, Жанбота Байбазар Жамбыл облысындағы тасжолда болған апат салдарынан қайтыс болды.


"Қаралы хабар қабырғамызды қайыстырды. Бейбіт заманда жас, болашағынан үміт күттіретiн балуандарымыздан айырылып қаламыз деп кiм ойлаған. Балуандарымыздың мезгілсiз дүниеден өтуiне байланысты еліміздiң барша күрес жанкүйерлерiне, марқұм болған балалардың отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз", - деп жазды грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы Instagram желісіндегі парақшасында.

Кеше, 3 тамыз күні бес еркін күрес балуаны жол апатына түсiп, Жақсыбек Қарабалаев пен Жанбота Байбазар оқиға орнында көз жұмған. Ал Ілияс Жұмай ауыр халде ауруханаға түсті.

"Бүгін Ілияс Жұмай қайтыс болды деген суық хабар жетті", - деп жазылған парақшада.

Ол халықаралық санаттағы спорт шебері болған. Түрлі чемпионатта жеңіске жетіп, жүлделі орындарды иеленді.


"Ал Зауытбек Нұрдәулет пен Шыңғысхан Мұхаметқалиев өмірі үшін күресіп жатыр. Дұғада болайық", -  деді федерация.

4 тамыз 2020, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.