Атырау, 29 наурыз 07:35
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қазақстанда 8,5 мың медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

2 711 просмотра

Қазақстанда сегіз мыңнан аса дәрігер коронавирус жұқтырған. Бұл туралы онлайн-брифингте денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елде 8518 медицина қызметкері КВИ жұқтырды. Пневмониямен қаншау екені туралы бүгінгі таңда деректер жоқ. Бірақ медицина қызметкерлеріміз коронавирус пневмониясымен күресте сырқаттанып, төлем алуға өтініш берсе, біз қолдаймыз. Олардың медициналық құжаттары жергілікті атқарушы органдар деңгейінде комиссияға жіберіледі", - деді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медицина қызметкерлеріне берілетін өтемақы туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

"Қазір мұндай 71 жағдай қарастырылған. Эпидемиологиялық тексерулер жүргізіліп жатыр, адам жұмыс орнында немесе сыртта вирус жұқтырғаны анықталады. Бұл карталар әкімдіктер жанындағы медициналық комиссияға берілді. Алдағы уақытта өңірлік комиссиялар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың ақпараттық жүйелерін қарап, оларға жүктейді.
Неліктен өлім мәселесі ертерек қаралып отыр? Сырқаттанғандар бойынша азаматтарымыз көмек алып қойған.
Комиссияның қарауына ұсынылатын бір құжат болған. Бұл мұрагерлік құқығы. Ол 6 ай ішінде келеді, туыстары мұрагердің кім екенін, яғни белгілі бір адамды анықтайды. Кідірістің негізгі себебі осы.
Бұл жұмыс жүргізіліп жатыр, медицина қызметкерлерінен қосымша келіп түскен барлық өтініш қаралады", - деді Алексей Цой.
3 тамыз 2020, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.