Атырау, 18 қаңтар 21:11
 ашықВ Атырау -19
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Қазақстанда пневмониядан қайтыс болғандардың саны екі есе өскен

3 480 рет қаралды

Қазақстанда пневмониядан қайтыс болғандардың саны екі есе өскен. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр соңғы екі жылдағы пневмонияға қатысты біріккен статистика туралы айтты.

"Алдыңғы кезең бойынша нақты сандар бар, оны жасырмаймыз. Ол жерде пневмонияның бірнеше түрі бар - вирустық, бактериялық, зең, коронавирустық. 2019 жылы 2 тамызға дейін 76 985 жағдай анықталса, 2020 жылы - 256 541 жағдай тіркелді. 

Оның ішінде, 2019 жылы 2033 өлім жағдайы болса, ал 2020 жылы 4042 адам өлімі тіркелген", - деді министр. 

Еске салайық, 17 шілдеде Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пен пневмония статистикасы тамызда біріктірілетінін мәлімдеген болатын. Министр елімізде 1 қаңтар мен 15 шілде аралығында 234 187 пневмония дерегі тіркелгенін атап өтті.

3 тамыз 2020, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.