Атырау, 28 наурыз 23:28
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Коронавирус пен пневмониядан өлім-жітім әлі де жоғары - Тоқаев

3 044 просмотра

Коронавирус пен пневмониядан өлім-жітім әлі де жоғары. Үкіметтің міндеті - оны барынша азайту. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды.

"Бүкіл әлемде пандемия өршіп тұр. Ол Қазақстанды да айналып өтпеді. Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр.

Даңқты палуан, қоғам қайраткері Ж.Үшкемпіровтің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осы дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғама батты. Коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары.

Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру. Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес", - деп жазды президент.

3 тамыз 2020, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.