Атырау, 19 сәуір 08:36
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпiров қайтыс болды

2 759 просмотра

Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпiров қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясына сілтеме жасап.

"Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ерi, "Барыс", "Құрмет" "Парасат" ордендерінің иегері Жақсылық Әмiрәлiұлы Үшкемпiров ағамыз бақилық болды. Батыр ағамыздың Мәскеу Олимпиадасындағы ерлігiне биыл 40 жыл болып еді...

Марқұмның барлық туған-туыстарына, отбасына, жора-жолдастарына, барша Қазақстан күресiнiң жанкүйерлеріне қайғырып көңіл айтамыз!", - делінген хабарламада.

Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров (шын есімі Жақсылық Үшкемпірұлы Әмірәлиев) 1951 жылы 6 мамырда Дихан ауылы Свердловск ауданы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Ол грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

2019 жылы Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі туралы "Жақсылық" көркем фильмі түсірілген. Үшкемпіровтің жас және жасөспірім кезін Елнар Назарқұл мен Санұржан Сүлейменов ойнайды, ал 60 жастағы спортшының рөліне Досжан Жанботаев таңдалған.

2 тамыз 2020, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.