Атырау, 24 сәуір 01:27
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Жеті облыста дабылды ескерту жарияланды

2 983 просмотра

Ауа райына байланысты жеті облыста дабылды ескерту жарияланды. 

2 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, оңтүстік-батыс, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз басым бөлігінде 35-38 градусқа дейін қатты ыстық болады, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау қаласында күндіз оңтүстік-батыс, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-18 м/с, 34-36 градус қатты ыстық.

2-3 тамызда Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 23 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қаласында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні -15-20 м/с, Жезқазғанда 2 тамызда 35-37 градус қатты ыстық болады.

2 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында 35-36 градус аптап ыстық күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. Орал қаласында найзағай, түнде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с болады.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз 2 тамызда Қостанай облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Қостанай қаласында 36 градус аптап ыстық күтіледі.

Ақмола облысында 31-36 градус қатты ыстық болады деп болжанып отыр. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Дереккөз: sputniknews.kz

2 тамыз 2020, 08:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.