Атырау, 19 мамыр 06:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тойда 16 қонаққа вирус жұқтырған: Тоғжанов қайғылы жағдайлар туралы айтты

6 327 просмотра

Вице-премьер Ералы Тоғжанов қазақстандықтардың карантинді сақтамауы қандай қайғылы оқиғаларға әкеп соғып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, санитарлық талаптарды бұзу бойынша  4,5 мыңнан астам заңбұзушылық тіркелген.

"Оның ішінде той, үйлену тойы, құдалық, туған күн, мейрамханалар мен түнгі клубтардың заңсыз жұмысы, адамдардың бетперде тақпауы және тағы басқалары бар. Өкінішке қарай, тыйымға қарамастан, қарапайым сақтық шараларын елемей отырмыз", - деді Тоғжанов онлайн баспасөз мәслихатында.

Осы ретте вице-премьер кейбір оқиғаларды мысалға келтірді.

"Қостанай облысының Жітіқара қаласында жаназаға келген адам сегіз туысқанына вирус жұқтырған. Нұр-Сұлтан қаласынан Көкшетауға қонаққа барған ер адам 15 адамға жұқтырды. Індетке шалдыққан ата-анасы көп ұзамай қайтыс болды. Қарағандыда бір адам мерейтойға қатысқан 18 қонақтың 16-сын ауруға душар етті", - деді үкімет басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, Қарағанды қаласында түнгі клубтың жұмыс істегені анықталды. Оған 200-ден астам адам барған.

"Егер туысыңызға көңіл айтқыңыз келсе, оны телефон арқылы қашықтан жасауға болады деп ойлаймын. Қазіргі уақыт талабы осындай. Егер әр азамат жауапкершілік танытпаса, мемлекет те, дәрігерлер де, жұртшылық та коронавирусты жеңе алмайды. Біз осыны ұғынуымыз керек", - деп түйіндеді ол.


30 шілде 2020, 18:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.