Атырау, 19 мамыр 05:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Үкімет тамыз айына 42 500 теңге қалай төленетінін түсіндірді

3 276 просмотра

Қазақстандықтарға тамыз айында 42 500 теңгенің жартысы төленеді. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Карантин екінші тамыздан тағы екі аптаға ұзартылған болатын. Осыған байланысты журналистер вице-премьерден "Кірісінен айырылған азаматтарға 42 500 теңге төлеу жалғаса ма?" деп сұрады.

"Президенттің тікелей тапсырмасы бар. Екі аптаға ұзартылған карантин кезінде төлем міндетті түрде болады. Бірақ азаматтарға сол соманың жартысы, яғни 42 500 теңге болса, соның 21 250 теңгесі төленеді. Осы сома қазақстандықтар міндетті түрде алады", - деді Тоғжанов онлайн баспасөз мәслихатында.

Президенттің тапсырмасымен карантиннің күшейтілгеніне байланысты кірісінен айырылғандарға шілде айына 42 500 теңге төленіп жатыр.

Өтінішті Egov.kz, 42500.enbek.kz порталдары, telegram-боттар және екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы беруге болады.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.


30 шілде 2020, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.