2020 жылдың қаңтар-маусым айларында республикада 5,3 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 25,8% аз, деп хабарлады ranking.kz.
Алматы қаласында жол-көлік оқиғалары көп тіркелген, елдегі барлық жазатайым оқиғаның 23,6% құрайды.
Екінші орында Алматы облысы тұр: 802 жол-көлік оқиғасы болды, бір жыл ішінде 28,2% азайған.
Үшінші орында – Жамбыл облысы: 447 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 25,3% азайған.
Алты айдың қорытындысы бойынша жол апаттарынан 7,7 мың адам жарақат алды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 25,5% аз. Ал жарты жылда 712 адам жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқан. Жол апаттарынан зардап шеккендер Алматыда көп болса, Алматы облысында өлім жағдайлары көп тіркелген.
Дереккөз: 24.kz