Атырау, 17 қаңтар 01:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.65
€ 544.64
₽ 5.16

Qazaq Air ұшағына не болғаны айтылды

2 669 просмотра

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі фюзеляжі зақымдаған Qazaq Air ұшағына не болғанын айтты, деп хабарлайды sputniknews.kz

Бұған дейін әлеуметтік желілерде әуе компаниясы ұшағының суреті пайда болды. Оның зақымданғаны көрініп тұр.

Министрлік борттың зақымдану себебін анықтау үшін әуе компаниясы техникалық комиссия құрғанын хабарлады.

"24 шілде күні Өскемен-Нұр-Сұлтан рейсін жасаған Qazaq air әуе компаниясы ұшағын тексеру кезінде фюзеляждің төменгі, ортаңғы және орталық бөлігіне найзағай тигені анықталды", - деді ведомствода.

Мамандар сегіз жерде диаметрі  2-6 мм, қалыңдығы 1 мм-2.5 мм зақым табылғанын айтты.

Ұшақтың фюзеляжі зақымдалуына байланысты әуе компаниясында тергеу жүріп жатыр. Борт қазіргі уақытта қолданылмайды.


30 шілде 2020, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.