Атырау, 6 қараша 17:55
 дождьВ Атырау +6.9
$ 451.87
€ 507.31
₽ 5.53

Халық санағы келесі жылға шегерілуі мүмкін

2 722 рет қаралды

Індетке байланысты халық санағы келесі жылға шегерілуі ықтимал, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

«Қазақстанда халық санағын 2020 жылдың 1 қазанынан бастап жүргізу жоспарланған еді. Алайда халық санағын жүргізетін қызметкерлер халықпен жақын қарым-қатынаста еңбек ететіндіктен, коронавирус инфекциясы қаупінің алдын алу мақсатында Ұлттық экономика министрлігі Үкіметке санақты келесі жылға шегеруді ұсынды. 

Мұндағы негізгі себеп – халықтың мен халық санағын жүргізетін персоналдың амандығы. Біз тиісті шешімді күтіп отырмыз», - деді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.


29 шілде 2020, 19:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.