Қазақстандықтар шектеу шараларын ескере отырып, ел ішіндегі демалыс орындарына бара алады. Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл көлінің жағалауында демалу үшін отбасының бір мүшесінде ПТР анықтамасы болуы керек. Бұл туралы ҚР МСМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков ОКҚ брифингінде айтты.
Айтуынша, алдын ала төленген брондар бойынша демалушыларды қабылдауға рұқсат етіледі.
Сондай-ақ демалыс орындарында осы жылдың жазғы туристік маусымының соңына дейін брондау үшін бос орындар жоқ екенін айтып өтті.
Дереккөз: 24.kz