Атырау, 16 қаңтар 21:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

«СҚ-Фармация» компаниясына жаңа өкілеттік берілді

2 593 просмотра

Үкімет қаулысымен «СҚ-Фармация» компаниясына жаңа өкілеттік берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«СҚ – Фармация» ЖШС-не дәрі-дәрмектерді кейіннен бөлшек сауда желісінде шекті бағалар бойынша сату үшін көтерме сатып алу жөнінде өкілеттік берілсін», - делінген Үкімет қаулысында. Қаулы қол қойылған күні яғни 23 шілдеден бастап күшіне енген. Еске сала кетсек, бұған дейін Үкімет басшысы Асқар Мамин «СҚ-Фармация» компаниясына дәрі-дәрмек сатып алып, қосымша бір айға жететін көлемде өңірлерге таратуды тапсырған болатын. «СҚ-Фармация» осы жылдың шілде айының соңына дейін дәрі-дәрмек сатып алып, қосымша бір айға жететін көлемде өңірлерге бөлсін. Сондай-ақ дәрі-дәрмек қажеттілігін жоспарлаудың нақты жүйесін анықтасын», - деді өткен аптада өткен Үкімет отырысында Асқар Мамин.

28 шілде 2020, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.