Атырау, 16 қаңтар 22:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Эпидемиологиялық жағдай тұрақталды – Мамин

2 544 просмотра

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин күшейтілген карантиннің арқасында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Карантиндік шаралардың мерзімі 2 тамызда аяқталады. Жалпы, осы кезеңде эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды, медицина ұйымдарының жүктемесі біршама азайды. Жазылып кеткендердің саны 63 пайыздан асты. Вирус жұқтырудың тәуліктік өсімі 4 пайыздан 1,7 пайызға дейін азайды", – деді Мамин үкімет отырысында.

Айтуынша, ауруханалардағы орындардың жүктемесі 46 пайызға дейін төмендеді.

Бір айдың қорытындысы бойынша жедел жәрдем шақыру саны 38 процентке азайды.

Премьер барлық өңір дәрі-дәрмектің жеткілікті қорымен қамтамасыз етілгенін атап өтті.

"Осыған орай, эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсартуымыз қажет", – деді ол.

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрлігі карантинді біртіндеп жеңілдету жоспарын ұсынды.

"Ағымдағы жағдайды және осы айдың қорытындысын ескере отырып, Мемлекеттік комиссияның отырысында бұл жоспар қарастырылып, тиісті шешім қабылданады", – деді Мамин.

28 шілде 2020, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.