Атырау, 19 сәуір 19:35
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Төтенше жағдай жойылды, ал карантин қалды – енді кәсіпкер қайда барады?

Сурет
3 606 просмотра

11 мамырда елде төтенше жағдай жойылды, сәйкесінше, тұрғындарға әупіріммен әзер төленетін 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем де тоқтатылды. Ал, өңірлерде карантиндік режим сақталды, бизнес қызметі уақытша тоқтатылды немесе шектелді. Мысалы, Атырауда 30 наурызда карантин жарияланды, содан кейін үш рет ұзартылды - қазір 8 маусымға дейін ұзартылып отыр, бірақ коронавирусқа қатысты жағдай жақсарып жатқан жоқ, оны әрі қарай да ұзартпасына кепіл жоқ.

«АҚОРДА ШОБ-ТЫ БІРЖОЛА ЖОҚ ҚЫЛУДЫ ҰЙҒАРҒАН БА?»

Осы атаумен жергілікті кәсіпкерлердің бірі, мейрамхана бизнесінің иесі Әли ЖОЛБОЛОВ өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: «Біз жұмыс берушіге Еңбек кодексінің 112-бабына сәйкес, жұмыстың мәжбүрлі түрде тоқтап қалғанын рәсімдеуді ұсынамыз, жұмыс беруші 42 500 теңге мөлшерінде ең төменгі жалақыны төлеуі тиіс», - деді Алматы қаласының бас еңбек инспекторы Айнұр Мұқажанова онлайн брифинг барысында. Жұмысшы алдындағы міндеттемелерін орындамаған жағдайда, шағын бизнес әр қызметкер үшін 60 АЕК (166680 теңге), орта бизнес 100 АЕК (277800 теңге), ал ірі бизнес - 150 АЕК (416700 теңге) айыппұл төлейді. Бір қызығы, билік алдымен бүкіл елді коронавирус бойынша карантинге қою туралы шешім қабылдап, сол үшін елде төтенше жағдай енгізді.

Алайда, ҚР заңнамасына сәйкес, төтенше жағдай кезінде мемлекет өз азаматтарын аштан өлмес үшін ең төменгі табыс деңгейімен қамтамасыз етуге міндетті. Билік өзінің конституциялық міндетін орындауға құлшына кірісіп, көп ұзамай қазынада ақша жоқ екенін және мұқтаж жанның бәріне 42500 теңге төлеу мүмкін еместігін білді. Нәтижесінде төтенше жағдайды жойып, карантинді қалдыру туралы ақылды шешім қабылданды. Осылайша, билік өзінен азаматтарына қатысты конституциялық міндеттемені алып тастады, бірақ коронавирусқа қатысты ахуалды ушықтырмас үшін бәрін үйде отыруға мәжбүр етті. Алайда халық тамақ ішкісі келеді ғой, мемлекеттен жәрдемақы жоқ, жұмыс істеуге рұқсат бермейді. Сөйтіп, билік бұл жағдайдан шығудың керемет тәсілін ойлап тапты. Ол барлық ШОБ басшысынан «мәжбүрлі тоқтауды» талап етеді, заңға сәйкес, бұл жұмыс берушіні өз қызметкерлеріне 42500 теңгеден ең төменгі жалақыны төлеуге міндеттейді. Осылайша, кәсіпорындар «форс-мажор» деп санауға болатын коронавирусқа қатысты карантин салдарынан емес, «мәжбүрлі тоқтау» салдарынан жұмыс істемеген болады.

Мұндай жағдайда елдегі ахуал былайша көрініс табады. Халықта ақша жоқ, ол билікке барады. Ал билік ақшаны жұмыс беруші төлеуге тиіс дейді. Ал егер ол төлемесе, арыз жазу керек. Ол сонда айыппұл салынатындықтан төлейтін болады. Егер кәсіпорын жұмыс істемей тұрса немесе жұмыс істесе де бүкіл клиент үйде отырғандықтан табыс түспесе, ақшаны қайдан алады? Сайып келгенде, ШОБ-та екі жол қалып тұр: біріншіден, жалақы төлеп күйреу. Екіншіден, жалақы төлемей, айыппұлдар төлеп күйреу. ШОБ өзін банкротпын деп жариялай да алмайды. Өйткені 1 қазанға дейін ҚР-да банкротқа ұшырауға тыйым салынған! Міне, солай!».

Жазба осылай аяқталады.


БАСТЫ МӘСЕЛЕ – АҚШАНЫ ҚАЙДАН АЛАДЫ 

Біз Ә.Жолболовпен кездесіп, оның қазіргі жағдайы туралы сұрадық. 25 мамырдан бастап, ол өзінің жұмысшыларын түгел жұмысқа шақырған. Ал ресми түрде мейрамханасын келесі күні ашыпты. Барлық жұмысшының міндеті өзара байланысты екенін, сондықтан оларды бөліп-жарып жұмысқа тарта алмайтынын айтты. Ал енді жалақы мен жалға төлеу, азық-түліктер алу секілді қалған шығындарды жабу үшін ақшаны қайдан алам деп ойланып жүр екен.

- Екі ай бойы жұмысшыларым ақысыз демалыста болды. Иә, бізге шектеулермен жұмыс істеуге рұқсат берді. Мәселен, мен банкет өткізе алмаймын. Өйткені бір үстелде 4 адамнан артық, ал залда 30 адамнан артық отырмау керек, - дейді Ә.Жолболов.

World Class фитнесс-клубының басқарушы директоры Анастасия ЮГАТОВАМЕН де сөйлестік.

- Менде 80-ге жуық адам жұмыс істейді. ТЖ режимі аяқталды, ал біз әлі тоқтап тұрмыз, табысымыз жоқ. Енді келіп жұмыс берушіні 42500 теңге төлеуге міндеттеп отыр. Бірақ қай ақшамызға төлейміз? Бүкіл жұмысшымыз әлі ақысыз демалыста. Тіпті, жұмысқа шықса да, табыс түсе ме, жоқ па, белгісіз. Бәрінің төлейтін несиесі бар, - дейді А.Югатова.

Естеріңізге салсақ, фитнес-клубтарға 1 маусымнан бастап жұмыс жасауға рұқсат етілді.

НЕСИЕ ТӨЛЕУДІ 15 МАУСЫМҒА ДЕЙІН ҚАЛДЫРДЫ. ӘРІ ҚАРАЙ ШЕ?

22 наурызда ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі  несиелер бойынша төлемдерді 15 маусымға дейін шегеру туралы қаулы қабылдады. Бірақ адамдарда әлі табыс жоқ, ал карантинді ұзарта берсе, әрі қарай қалай болмақ?

Мен екінші деңгейлі бірнеше банкке қоңырау шалдым. Kaspi Bank 15 маусымнан соң кейінге шегеру туралы мәселе әзірге қаралмайтынын айтты. Бірақ осы мерзімнен кейін сұрап білген жөн, әлдебір жаңалықтар болып қалуы ықтимал. АТФ банкте қайтадан несие төлеуді шегеру қарастырылмайтынын айтты. Ал Қазақстанның Жинақ банкінде (Сбербанк) байланыс орталығының операторы қазір 15 маусымнан кейін шегеруді ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге болатындығын, оның 10 күн ішінде қаралатынын айтты. Банк мақұлдаған осындай өтініштер бар ма деген сұраққа: «егер өтініш қабылданса, демек болуы тиіс» деп жауап берді.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор және А.Югатованың жеке мұрағатынан

31 мамыр 2020, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.