Атырау, 25 сәуір 16:58
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Министр МӘСҚ-тан 42 500 теңге көлемінде төлемдер тағайындау ережесіндегі өзгерістерді түсіндірді

4 128 просмотра
Министр МӘСҚ-тан 42 500 теңге көлемінде төлемдер тағайындау ережесіндегі өзгерістерді түсіндірді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте төтенше жағдай кезеңінде (бұдан әрі – ТЖ) табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік жәрдемақы тағайындау қағидаларына енгізілген өзгерістерді түсіндірді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Министр сөз басында бұл негізгі әлеуметтік төлем ТЖ-ға дейін ресми, бейресми жұмыс істеген және ТЖ режимін енгізуге байланысты өз табыстарынан айырылған адамдарға арналғанын еске салды.

«Бұл ШОБ компанияларының, сондай-ақ карантин енгізілген қалалардың ірі кәсіпорындардың, егер оларға төтенше жағдай жарияланғанға дейін МӘСҚ-қа соңғы 12 айда кемінде 1 рет төлемдер жүргізілген жалдамалы қызметкерлері. Бұл жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына жіберілген жұмысшылар. Оларға қашықтан жұмыс істейтіндер мен жалақы алатындар кірмейді», – деді Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар, ол жоғарыда аталған Ережеге қызметкерлердің қосымша санаты енгізілгенін атап өтті. Енді олардың құрамына жалақы сақталмайтын еңбек демалысында болған жағдайда коммерциялық емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері кіреді. Мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор үшін - бұл жаңашылдық қолданылмайды.

«Сонымен қатар, ТЖ режиміне дейін жұмыс істеген және оның енгізілуіне байланысты табысын жоғалтқан жеке тұлғаларға (өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға) төлем қарастырылған. Ресми жұмыс істеген – жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар (бұдан әрі ЖП, оларға адвокаттар, нотариустар және т.б. жатады); Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтін адамдар (бұдан әрі – АҚС) төтенше жағдай жарияланғанға дейін соңғы 12 айда кемінде 1 рет МӘСҚ-қа әлеуметтік аударымдар жасаған (ЖК мен ЖП үшін) немесе БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын (АҚС үшін) төлеген жағдайда төлем алуға құқылы. Бұл санатқа бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеген азаматтар кіреді. Осы санатқа жататын барлық азаматтардың алаңдамауы керек, егер сіз төтенше жағдайға дейін соңғы 12 айда аударымдар жасасаңыз, онда сізде ешқандай проблемалар туындамайды, кірісті жоғалтуға байланысты төлем алуға өтініш бере аласыз», – деп түсіндірді Еңбекминінің басшысы.

Министр Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы бейресми жұмыспен қамтылған адамдар бұл көмекті алуы тиіс екенін, ол үшін оларға өз мәртебесін рәсімдеу жеткілікті екенін атап өтті.

«Бейресми жұмыс істейтін, қандай да бір жұмыс жасап, отбасын күнделікті табыспен асырап жүрген, бірақ ЖК ретінде тіркелмеген, жеке еңбек шарттары жоқ, салық, әлеуметтік және зейнетақы аударымдары төленбеген жұмыс істеушілерге қатысты айтар болсам. Төтенше жағдай кезеңінде ай сайын 42 500 теңге алу үшін мәртебеңізді рәсімдеуіңіз керек, төлем алуға өтініш бергенге дейін кемінде бір рет БЖТ төлеңіз. Мұндағы айырмашылық айқын: ресми түрде жұмыс істеген адамдар төтенше жағдай жариялағанға дейін соңғы 12 айда кемінде бір төлем төлеуі керек, яғни 16 наурызға дейін және бейресми адамдар үшін төтенше жағдай кезінде ай сайын 42 500 теңге алу үшін бір рет БЖТ төлеу жеткілікті. Бірақ бұл бейресми жұмыс істегендерге қатысты», – деді Біржан Нұрымбетов.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, егер азамат қашықтан жұмыс істеуді жалғастырып, жалақы алатын болса, оған төлем төленбейді деп атап өтті.

Сондай-ақ, Біржан Нұрымбетов бала күтімі бойынша демалыстағы әйелдерге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер алу мүмкіндігі туралы түсінік берді.

«Бір жасқа дейінгі балалары бар аналарға бала күтімі үшін бала бір жасқа толғанша мемлекет тарапынан жәрдемақы төленеді. Бірақ бүгінде бір жастан асқан баласы бар аналар хабарласуда. Бір жылдан асқаннан кейін олар жұмысқа шығар еді, бірақ төтенше жағдайға байланысты ешкімді жұмысқа алмайды. Сондықтан декретте отырған аналар бір жыл өткеннен кейін бірыңғай жиынтық төлемді төлеп, төлем алуға өтініш беруіне болады», – деді ҚР Еңбекминінің басшысы.

Сонымен қатар, министр әлеуметтік төлемдерді алу үшін екінші деңгейлі банктерде «арнайы шот» ашудың қажеті жоқ екенін атап өтті.

Ешқандай «арнайы» шоттардың қажеті жоқ. Картаның кез-келген банктік шоты қолайлы. Бірнеше күн бұрын Қаржы нарығын реттеу жөніндегі агенттіктің Екінші деңгейлі барлық банктерге осы 42 500 теңгеден азаматтардың берешектерін: коммуналдық, несие, салық және т. б. ұстамау туралы тапсырмасы болды. Берешегі болған жағдайда да, банктің ұстап қалуға құқығы жоқ», – деді ол.

Брифинг соңында Біржан Нұрымбетов ЖК-нан әлеуметтік төлемдерге өтініш беруге қатысты Ережедегі өзгерістерді түсіндірді.

«Жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкер жеке тұлға ретінде жеке өзі өтінім бере алады ма деген сұрақ адвокаттар мен кәсіпкерлерді қызықтыруда. Әрине, егер ол өзі табысын жоғалтса. ЖШС-ге ұқсастығы – заңды тұлға өтініш бере алмайды, ол осы ұйымның қызметкерлеріне беріледі. Бірақ ЖШС директоры да осы ЖШС-нің қызметкері және ол өзі ЖШС-нің қызметкері ретінде өзі өтінім бере алады. Сондықтан жұмысшылар жалдаған жеке кәсіпкер өзі үшін жеке кәсіпкердің қызметкері ретінде өтініш бере алады», – деп түйіндеді министр.

6 сәуір 2020, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.