Атырау, 26 сәуір 09:55
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Зеленский ресейліктерге Украина азаматтығын ұсынды

3 168 просмотра


Владимир Зеленский Путиннің шешіміне қарсы мәлімдеме жасады.

Украинаның жаңа сайланған президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің Ресей азаматтығын беру туралы шешіміне қатаң жауап қайтарды. 

Ресей паспортын беру туралы жарлыққа президент Путин өткен сәрсенбі күні қол қойған болатын. Ресей президентінің бұл қадамын Украинаның жаңа сайланған президенті Зеленский өзінің әлеуметтік желі парақшасы арқылы айыптады.

Ол «Фейсбук» парақшасында: «Украиналықтар ел, еркін мемлекетте жасайды. Украина өз азаматтығын авторитарлық және коррупциялық режимде қиналып жатқан барлық адамға, әсіресе көбірек қиналып жатқан ресейліктерге ұсынады», – деп жазған. Қазір, екі ел арасында қайшылық күшейіп тұр. 

Өткен аптада Украина Жоғары Радасы мемлекеттік тіл туралы заңды қабылдап, украин тілін бірден бір мемлекеттік тіл етіп бекітті. Сондай-ақ, заң жобасында орыс тілі туралы мүлде сөз етілмеген. 

Ал, Ресей тарабы Украинаның шығысындағы өздерін «Донецк және Луганск Халықтық Республикасы» деп атап алған сепаратистер бақылауындағы аймақ тұрғындарына Ресей азаматтығын жеңілдетілген жолмен беру туралы шешім шығарған болатын.

Дереккөз: “The Qazaq Times” 

29 сәуір 2019, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.