Атырау, 26 желтоқсан 06:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Ауғанстан ақиқаты

4 950 просмотра

Халықаралық еңбек нарығының үлкен кадрлық легіне Қазақстаннан да мамандардың жіңішке бұлақтай ағылғандығы қазір таңғаларлық жағдай емес. Бүгінгі күні шетелде алған тәжірибеңмен ешкімді де таңдандыра алмайсың. Алайда, Тимурдың таяуда басынан өткені мен кеңсесі орналасқан нүкте қашанда алаңдатары анық: неліктен Ауғанстан?!

ҚОРҚЫНЫШТЫҢ ҚАРЫМТАСЫ

- Ауғанстан болса ше? – дейді сауалға сауалмен жауап берген Кабул, Газни, Герат, Мазари-Шариф, Кандагар қалаларында «күзет қызметі саласында басқару жүйесін» құрушы. Одан әрі әңгімеге оралған ол: «Онда жақсы төледі», - деді.

Тәлібтердің отанында Абу-Дабидегі үш апталық қосымша вахтасымен он апталық вахта үшін 8 000 доллар төлейді. Өлген жағдайда туысқандарға берілетін жәрдемақы американдық әскердің жауынгерлеріне берілетіндей 250 мың долларды құрайды.

- Ондай жағдайлар болды ма?

- Екі жылда екі шетелдік, – деп нақтылай түскен ол ноутбугін іске қосты: онда «ескерткішке түскен» суреттері бар папка. Жол қабатының жарылған үңгір шұңқырлары, бір жақ бүйіріне ауып түскен жүк машиналар, оның жанында жанып кеткен жол таңдамайтын көлік... Келесі кадрдан көзімді алып үлгермеген менің дауысым шығып та кетті – асфальттың үстінде шашылып түскен адамның бастары мен аяқтары, жүргізушінің орнында денесінің жартысы ғана...

- Ауғандықтардың қанша болғаны тіптен есімде жоқ – шетелдіктер керуенді бастап жүрмейді, тек жергіліктілер ғана, тауда немесе қараңғыда жүк тиелген көліктер колоннасына оқ атылмаған бірде - бір күн есімде қалмапты. Жергілікті жерде адам өлімдері күн сайын болады, өйткені, біздің компания күніне орташа есеппен алғанда сегіз колоннадан тұратын күн сайынғы трансферді жүзеге асырды. Оқ өтетін жолсызбен жүретін көліктердің, яғни, серфтердің бастауымен 160 жүк машиналарынан тұратын керуен үнемі шабуылға ұшырап отырды. Олардың орташа есеппен алғанда әрбір колоннадан 8-10-ы тиісті қосынына жетпей қалып отырды.

Олардағы өлімге байланысты берілетін жәрдемақы және экспаттармен салыстырғанда жалақы деңгейі де мардымсыз ғана, - деп әңгімелейді Тимур. Бірақ, кез-келген ауғандық үшін кеңседе тұрақты жұмыс жасау валютамен өлшенбейтін бақыт деуге болады. Бұл компьютерге, суға, электр энергиясына қол жеткізгендігін білдіреді. Мұндай игіліктердің көпшілігі жоқ. Олар өмір бойына суды иықтарына салып тасиды, оның үстіне жоғары қарай өрмелей жүреді - сәулеттерінің ерекшеліктері сол, қалалар тау қыраттарына қарай өрлей салынады, ал, сорғы жүйесі тіптен, қарастырылмаған.

 

№1 ЕРЕЖЕ: ДЕР УАҚЫТЫНДА ҚАРАҢДЫ БАТЫР

- Өзіңнің қорыққан кезің болды ма?

- Аса қорқынышты емес. Егер ережені сақтаса, айтпақшы менің өзім жазып алған қауіпсіздік үдерісін, айталық, кез-келген жағдайда каска, бронежилет кию, қаруланып жүру, өзіңе назар аудартпау, қала ішінде 15 минуттан артық уақыт болмау – міне, сонда ғана қауіпсіз деп айтуға болады.

- Неге тура 15 минут?

- Ал, біз оны тексеріп көрдік – жергіліктілерге ақтарға шабуыл жасауды ұйымдастыруға 15 минут жеткілікті. Ауғандықтар іскер және олардың реакциясы өте күшті. Бірде тауда адамдар жоқ трассада біздің көп тонналық бензин таситын автоцистерна аударылып қалды. 10 минуттың ішінде қайдан келгендері белгісіз темекі мен шырын тиелген арбасы бар ақсақал пайда бола кетті, балалар пластикалық канистр саудасын ұйымдастырып жіберді. Ал, сол канистрді сатып алғандар жайма базарды ұйымдастырып, көз алдымызда біздің машинадан құйып алған бензинді сата бастады. Он бес минуттай уақыт өткеннен соң біздің екінші автоцистерна ауып түскен машинадағы қалған бензинды құйып алу үшін жақындаған кезде ол босап та қалған еді. Жайма базар қалай пайда болса, әп дегенде солай көзден ғайып болды.

 

КАБУЛДАҒЫ ПРИВОКЗАЛЬНЫЙ

- Ауғанстан біздің көпшілігіміз үшін жай ғана картадағы тұрақсыз нүкте. Жеке мен үшін «Три чашки чая» кітабын оқығанға дейін беймәлім болды – тәлібтар мен Хамид КАРЗАЙ. Кітап оның аясын кішкене болса да кеңейте түсті, бірақ мен бәрібір ол елді көзіме елесте алмаймын, мәселен, Кабул қандай қала: шығыс елі ме, әлде зайырлы ел ме?

- Бұл 80-ші жылдардағы шаңды Гурьев, – деп жауап берді Тимур ойланбастан. – Орыстар онда биік панельді үйлерді салып үлгерді, солар дәл біздің Привокзальныйды көзге елестетеді. Тіпті, әуежайының өзі біздің «мұнайға дейінгі» эрамыздағы әуежайға ұқсайды, есесіне оның «жеңі» бар. Тағы не бар? Көпшілігінде жарық жоқ, кедей халық жертөле үйлерде тұрады, ал, байлары - біздің өңіміз түгілі түсімізде көрмеген сарайларда тұрады. Тұрғын үйлер, айталық, кеңестік панельдік үйлердегі пәтерлер Англиядағы баспанаға қарағанда қымбат тұрады. Бірақ, дәл осы жылдың басынан бастап шамалы болса да өзгерістер басталды, мемлекеттік ақшаға жаңа құрылыстар белсенді басталды және күзеті, сумен жабдықталған, электр энергиясымен қамтылған көп қабатты үйлері бар аудандар пайда бола бастады. Бұл тағы да байларға ғана қолжетімді. Және онда арзан бағаға қымбат тастар көп болды, мен келгенге дейін гауһар, зүбәржат, жақұт тастардың базарларда сатылғандығын білдім. Шамалы ғана тиынға өңделген немесе өңделмеген тастардың үлкен уысын сатып алуға болатын. бірақ, кейін бұл базарды жауып тастаған.

- Ауғанда кімдер жақсы тұрды: есірткі сатушылар ма?

- Жоқ, бірінші орында шетелдік компаниялардағы жұмысшы күшін ұсынатындар тұр, мәселен, бізге - біздегі барлық күзетшілер аймақтарына байланысты жергіліктілер немесе непальдықтар болды. Кейбір тұстарда жергіліктілерге сенім артуға болмайтын, олар сатып кетуі немесе қаруды бізге қарсы кезенуі мүмкін. Оларды атуға, қорғануға, дәрігерлік көмек көрсетуге өзіміз үйреткен едік. Мәселен, бізге адамдарды көшеден алып келген қожайын өте бай адам болатын.

 

ОРЫСТАРДЫ ЖАҚЫН ТАРТАДЫ

Тимур маған желіде сілтеме жасап берді, онда соғысқа дейінгі Ауғанстанның суреттері: бұл ... Кеңес Одағы. Алары да, берері де жоқ: ескі суреттердегі алаңсыз зиялылар киіміндегі әрбір кеңестік адамға өте таныс адамдар. Және түрлі-түсті суреттер – фотоүлдірінің негативі секілді нағыз суреттер: қаруланған ерлер, жамылғыға оранған әйелдер, лас, үстері алба-жұлба қайыршылықтың зардабын тартқан балалар...

- Ауғандықтар «тәліб» сөзінің синонимі болған, шын мәнінде олар да бүкіл әлем секілді тәлібтерден шаршаған бақытсыз халық. Олар бір кездері американдықтармен соғысса, енді американдықтар оларды қорғап, оларға демократия орнатуға көмектесуде... 80-ші жылдары кеңес әскерлерімен шайқасқан моджахедтерді тудырған дәл осы американдықтар еді. Міне, енді олар өздерін Тәлібандар деп атады. Біздің әскер ол жерден қашты, және ол күні бүгінге дейін көрініп тұр: бүгінгі күндері тау қыраттарында танктер мен басқа да әскери техникаларды тот басуда. Тәлібтер орыстарды қуып шықты, сол уақыт аралығында олар бақылаусыз қалды және өз еліне оқ жаудыра бастады. Ауғандықтар американдықтардың көмегін алып отыр, бірақ олар ештеңені ұмытқан жоқ, кешірген де емес. Бірде біз американдықтармен бас қосқан кезде ауғандықтар кімдерге жақсы қарайды: кеңестік басқыншыларға ма, әлде американдық құтқарушыларға ма? - деп бәстестік. Біздің аудармашыларымыз бір секунд та ойланбастан мені көрсетті. Және «орыстар бізге мектептер мен үйлер салды, сіздер тек өздеріңізді ғана ойлайсыздар «дегенді қосып қойды. КСРО-дан шыққандардың барлығы бірдей оларға әлі орыстар болып көрінеді.

 

ТҮЙІНДЕМЕНІҢ «ШЫЖЫҒЫ»

Тимурдың оқиғасы қауіпті аймақтағы ерекше жұмыс тәжірибесімен ғана қызықты емес. Бұл жас жігіт талапкер, алдына үлкен мақсат - үлкен мүмкіндіктері бар елдерде жұмыс жасауға ұмтылған адам. Мұны ол тікелей айтып отырған жоқ, бірақ ол өзінің халықаралық деңгейдегі маман ретінде әлемге шығуына кедергі келтіріп отырған көк төлқұжатынан екенін біледі. Ал, ол тек Ауғанстанда ғана экспат болғысы келмейді. Ауғанстан оның мансаптық жолында ақша үшін ғана емес, мақсатына жету жолындағы баспалдақ болды деуге болады.

- Мен Австралияға барсам деймін, сол елдің төлқұжатымен мен мансабым үшін әлемнің кез-келген нүктесін таңдап алған болар едім. Жұмыс берушілер қазақстандық төлқұжаты бар түйіндемені себетке қарай лақтыра салады, өйткені, жұмыс беруші жұмысшы визасын рәсімдеуге, шақыртуға басын қатырғысы келмейді.

Бұған Тимур өзінің басынан өткергенін алға тартып отыр: елдегі бірлескен компанияда болашақ мұнайшы шетелдік ISO 9001 таныстарының кеңесіне сүйеніп, шетелдік жұмыс берушілердің көз қырына ілігеді, сөйтіп, канадалық әріптестерінің көмегімен жазылған түйіндемесін ол жан-жаққа жібере бастады. Ол барлық интернетте бар рекрутингтік агенттіктердің барлығына жалпы жиынтығы мыңнан аса түйіндемесін жолдаған.

- Екі жылдан аса уақыттың ішінде маған бір ғана ұсыныс түсті! Бас кеңсесі Дубайда орналасқан шағын ғана компания күзет басқармасы жүйесі бойынша маман іздеген. Менің бұл салада ешқандай да тәжірибем болмады, бірақ мені әңгімелесуге шақырды. Шетелдіктермен тез тіл табысамын, мұның өзі менің осы жұмысқа қабылдануыма мүмкіндік берді. Сөйлесуге шақырған уақыттан жұмысқа шыққанға дейін екі жыл өтті. Жұмысшы визасына байланысты проблемалар болды, дәлірек айтқанда, қазақстандық төлқұжаттан туындады. Мен онда жыл жарым уақыт жұмыс жасадым. Екінші жұмысымды бір ай ішінде таптым, өйткені, менің қажетті тәжірибем болды, бастысы байқау жарияланған жерде – БАӘ-де болдым. Бұл фирма Сомали, Оңтүстік Судан, Кения, Ирак, Ауғанстан секілді елдерге қарулы күзет ұсынды. Жүктердің сақталуын қамтамасыз етті және жоғары мәртебелі жеке тұлғаларға қарулы күзет ұсынды.

- Сен олардың ұсынысын қалай қабылдадың, күдіктендің бе?

- Құлшыныспен қабылдадым – өйткені мен Ауғанстанда болып көрген жоқпын ғой.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

8 тамыз 2012, 21:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.