Атырау, 11 желтоқсан 19:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Ерік те бір кәдеге жарайды

2 317 просмотра

Қалалық суару жүйесіне қатысты мәселе қаралып, суару үшін су құбырларын төсеу жұмыстары басталды.

ТҰРБАЛАР МЕН ТОРЛАР

Су Ерік Мостовойдан алынбақшы. Егін суаратын сумен Атырау ықшам ауданы, Молдағұлова, Тайманов, Құрманғазы көшелері қамтамасыз етілетін болады.

Мердігер компанияның өкілі, «Мұнайқұрылыссервис» ЖШС дренаж жүйесі учаскесінің бастығы Владимир ГЛОНИННІҢ айтуынша, суару жүйесінің құрылысы жөніндегі бағдарлама екі жылға есептелген. Тапсырыс беруші – қалалық әкімдік. Су құбырының жалпы ұзындығы – 6 150 м. Осы жылдың аяғына дейін мердігер шамамен 4 км тұрба тартуды жоспарлап отыр.

Суару жүйесі былай болмақ. Тікелей каналдың бойына диаметрі 400 мм тұрба төселеді. Сол тұрбадан аталмыш аудандарға дейін баратын диаметрі кішілеу тұрбалардың бірнешеуі тартылатын болады. Атырау ықшам ауданында каналдың жағалауына екі сорғысы бар сорғы стансасы (жұмысшы және резервтегі) орнатылатын болады.

Жол мен асфальт қабаттарының сақталуына келетін болсақ, В.Глонин асфальттың астынан көлбей отырып бұрғылау жұмыстарының жүргізілетіндігіне сендірді. Оның пікірінше, болашақта суару жүйесі тапсырысшы жоспарлағаннан да артық көшелерді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермекші.

- Айталық, Таймановтан Гагаринге диаметрі кішілеу тұрбаны тартуға, осылайша, көптеген көшені қамтып өтуге болады, оның үстіне, тұрба диаметрі кіші болған сайын қысым да көбірек болады, – дейді Глонин.

КАНАЛ КЕУІП ҚАЛҒАН

Ерік Мостовойдың өзі қазір іс жүзінде құрғап қалған. Жеті қазына ауданында канал сағасы тайыздалып кетті, ал, Жайықтан су алып тұрған «қалташасы» кеуіп қалған. Бұл жыл сайынғы канал құрылысының кезеңі тұсында жіберілген инженерлік қателікке байланысты жаз ортасында пайда болатын проблема.

- Егер Жайықтың тереңдігі мен «қалтаның» немесе сорғы баржасы тұрған жасанды аралдың тереңдігін алатын болсақ, онда оларда үлкен сарқырама болады, - дейді В.Глонин. Қалташықта өте тайыз қазылған, ол судың тасуы болмаған кездерде айқын сезіледі: өзендегі су деңгейі төмендесе, «қалташық» кеуіп қалады. Бүгінгі күні біз жер снарядына тапсырыс бердік, оның көмегімен біз каналдың түбін тереңдете аламыз.

Өткен жылдары жергілікті патрульдік катерлердің көмегімен проблеманы шешпекші болдық. Олар сорғы баржасына жүзіп келеді де моторды қатты қыздырып, осылайша түбін тереңдетті. Мұндай қарапайым айла 5 күнге ғана жететін, кейін су қайтадан кетіп қалады, ал, сорғылар судың орнына лайға батады. В. Глониннің айтуынша, катер, жер снаряды, мұның бәрі проблеманы уақытша шешудің жолдары. Каналдың Жайықпен қосылатын тұсындағы «қалташық» түбін қуатты техниканың күшімен тереңдету қажет.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

8 тамыз 2012, 21:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.