Атырау, 26 желтоқсан 06:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Сөреде - ішек таяқшалары

4 708 просмотра

«Дина» сауда өндірістік компаниясы базарының қоймаларында сатылып жатқан азық-түліктерден ішек таяқшалары және басқа да адам денсаулығына қауіпті бактериялар анықталған.

Бұл туралы Атырау облысы бойынша метрология және техникалық реттеу комитеті департаментінің директоры Лес БАЙМҰҚАШЕВ хабарлады.

- Біз шілдеде «Дина» СӨК-не жоспарлы тексеру жүргіздік, – дейді ол. - Тоғыз қоймадан біз сатылып жатқан азық-түлік өнімдерінің үлгілерін сатып алып, «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ АФ зертханасына жолдадық. Зертханалық тексеру нәтижесінде Ресейде өндірілген «Сервелат» шұжығында, қаймақ, семга, тартылған етте ішек таяқшалары тобының бактериялары табылған. Тартылған етте, ішек таяқшасынан басқа мезофильді аэробты және факультативті-анаэробты микроорганизмдер (МАФАнМ) көлемі де артып кеткендігі анықталды.

Л. Баймұқашевтың айтуынша, микробиологиялық көрсеткішінің айтарлықтай жоғары болуы көбіне дайындау барысында санитарлық ережелер мен технологиялық режимдердің, сондай-ақ, сақтау мерзімдері мен температуралық режимдерінің, азық - түлік өнімдерін тасымалдау және сату режимдерінің бұзылуы дәлел болып жатады.

- Мезофильді аэробты және факультативті-анаэробтымикроорганизмдер мөлшерінің артуы азық - түліктен улануға себеп болады, – дейді ол.

Сондай-ақ, «Краковская» (өндіруші Ресей) шұжығы да қауіпсіздік көрсеткішіне сәйкес келмеді. Өнім қалай болғанда да бұзылған: шұжықтың сырты суланып кеткен және жағымсыз иісі де бар. Тағы да «Сказка за сказкой» (өндіруші Ресей), салма салынған (Украина) шоколадты кәмпиттерден, «Бременская» ветчинасы (Ресей), тартылған «Аргояша» (Ресей) тауық етінен (Ресей) табылған. Бұл азық - түліктердің барлығының бірдей тауарлық түрі күдікті, жағымсыз иісі және дәмі де бұзылған болды.

Бұзылған азық - түліктің сатылымға шығарылғандығымен салыстырғанда таразылардың сынақтан өтпеуі, сәйкестілік сертификаттарының және маркировкасының болмауы болмашы ғана тәртіп бұзушылықтар болып қалады.

Алақол сатушыларға әрбір заң бұзушылықтары бойынша 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, азық - түліктің сапасыз партиясын сатуға тыйым салынды. Бұдан басқа, олар департамент қызметкерлеріне зертханалық сынаққа тағам түрлерін сатып алуға жұмсалған қаржыларының орнын өтеуге тиісті.

- Біздердің тексеру жүргізіп келе жатқанымызға бірнеше жылдар болды, бірақ, мынадай заң бұзушылықты бірінші рет кездестіріп отырмыз, – дейді Л. Баймұқашев.

Тексерудің екінші кезеңі тамыз айында жүргізіледі деп күтілуде.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

8 тамыз 2012, 21:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.