Брифингте «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Серік ҚЫДЫРОВ филиалдың биылғы жыл басында техникалық қызмет көрсетуге келісімшарты жоқ тұрғындарға жаппай газ беруді тоқтатқан жағдайға тікелей қатысы жоқтығын мәлімдеді.
Ал жыл басында ол Атырау облысы бойынша филиалда 111 мың абонент – жеке тұлғалар мен 4636 заңды тұлға бар екенін айтқан еді. Еркінқала, Самал, Тасқала, Өрлеу және қала маңындағы басқа ауылдарда газ құбырының жаңа желілері пайдалануға берілді. Тұтынушылар санының көбеюіне байланысты газ құбырларының өткзу қабілетін жақсарту үшін газ реттеуші 17 шкаф пункттерін ауыстыру аяқталды.
- Жұмыста қауіпсіздікке басымдық береміз. Әкімдіктерге табиғи газды тұтыну кезінде қауіпсіздік шараларын күшейту туралы хаттар жолдадық. Қайғылы жағдайларды азайтуға тырысамыз, бірақ мұндай оқиғалар орын алып отыр. Өткен жылы Атырау облысында газға қатысты 4 жазатайым оқиға болып, 3-уінде кісі өлімі болды, 6 адам зардап шекті, - деді Қыдыров. Ол сондай-ақ, қазір техникалық қауіпсіздік құралдарының көптігін, мәселен, иіске әрекет ететін газ сигнализаторы бар екенін және атыраулықтардың көпшілігі қорғаныс құралдарынсыз қолдан жасалған жылу қазандықтарын пайдаланатындығын қынжылыспен атап өтті.
«АЖ» сауалдары:
- Биылғы жылдың қаңтарында Атыраудағы көппәтерлі үйлерде техникалық қызмет келісімшарттарына қол қоймаған тұрғындарды газден ажыратып тастады. Бұл бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды. Қазіргі ахуал қандай және өңірде осы техникалық қызметті көрсететін қанша компания бар?
- Бізде тұрғын үйлердегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсететін 6 мекеме бар. Олардың атаулары есімде жоқ. Бұл еркін нарық және олар бізге есеп бермейді. Мұның бәрі қауіпсіздікпен байланысты болғандықтан олармен жұмыс жасаймыз. Ал ажыратуларға келер болсақ, алдын алу мақсатында ажыратамыз, талап етеміз. Адал төлем жасаушылар да зардап шеккен жағдайлар болды, бірақ ПИК те тұрғындарды жинап, барлығына түсіндіруі тиіс. Техникалық қызмет келісімшарты тұтынушыдан әлдебір соманы алу үшін жасалып отырған жоқ, бұл ең алдымен – қауіпсіздік.
- Үйішілік газ жабдығы кімнің құзырында?
- «РЦКУ-Атырау» ЖШС және басқа ұйымдар әр пәтердің ілмекті арматурасына қызмет етеді, ал ілмек арматуралары бар подъездішілік тікқұбырлар ПИК-ке тиесілі.
- Ал ПИК сіздерге сілтейді
- Олардыкі дұрыс емес. Кейбіреулері түсінеді, бірақ «газ - сіздердік» дейтін ПИК-тер бар.
- Егер жазатайым оқиға орын алса, кім жауап береді?
- Егер подъезде болса, бұл үшін ПИК жауап береді. Кіріс кранына дейін - «Интергаз-Центральная Азия», ал пәтер ішінде тұрғындармен «РЦКУ-Атырау» және басқа компаниялар жұмыс істейді. Егер ПИК-те мамандар жоқ болса, олар осы қызмет түріне лицензиясы бар ұйымдармен келісімшарт жасай алады.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА
Суретті түсірген автор