Атырау, 26 желтоқсан 20:54
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Өтіріктің өресі тар

3 845 просмотра

Фотосурет kulsary.net сайтынан алындыҒаламторда Жылыой ауданының Қосшағыл поселкесі мен Құлсары қаласының тұрғындарын болашақта көшіру туралы ақпарат пайда болды. Дереккөз ретінде «“ҚазМұнайГаз” БӨ» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті көрсетілген.

Үзінді: «Жыл сайын төмендеп бара жатқан кеніш рентабельділігіне және мұнай өндіруді бұрынғы деңгейде қалпына келтіру мүмкін болмауына байланысты, сондай-ақ, күрделі әлеуметтік-экономикалық ахуалды назарға ала отырып, ұңғымаларды консервациялау және Құлсары қаласы мен Қосшағыл поселкесінің тұрғындарын Атырау, Алматы және Астана қалаларына көшіру қажеттілігі пісіп жетілді. Көшіру жобасын қаржыландыру туралы мәселені 2012 жылдың тамызында «ҚМГ БӨ» директорлар кеңесінің қарауына жіберу жоспарланған. Компания осы мақсатқа 10,8 млрд теңге бөлуге ниет білдіріп отыр».

Алайда «ҚМГ БӨ» сайтының бірде-бір бөлімінде (баспасөз релиздері, ақпараттық хабарламалар) бұл құжат жоқ.

Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департамент директорының орынбасары Елена ПАКбірден:

- Бұл жалған мәлімет. Біз мұндай хабарлама таратқан жоқпыз. Бізден таратылатын бүкіл ақпарат фирмалық логотиппен және біздің департаментке сілтемесіз жарияланады, -деп мәлімдеді.

– Қызық, сонда адамдардың басын қатыру кімге керек болды екен?

Хабарым жоқ.

Құлсары қаласының әкімі Шәкір КЕЙКИН 54 мың халқы бар қаланы (Қосшағылда 4 мың тұрғын бар) көшіру жөнінде естігенде, күліп жіберді:

Құлсары 2020 жылға дейінгі моноқалаларды дамыту бағдарламасына енгізілген. Бас жоспарды дайындауға 45 млн теңге бөлінді. Біздің қолымызда 2015 жылға дейінгі қаланы дамыту жоспары бар. Соған сәйкес мектептер, мұражайлар, кітапханалар, бірнеше дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, үш стадион, перзентхана салынатын болады.

– Мұндай қаңқу сөздер әлденеше рет айтылды. Қалай ойлайсыз, оларды таратып жүрген кімдер?

Басқа жасайтын шаруасы жоқтар. 2009 жылы осы секілді қауесеттердің салдарынан қала тұрғындары жеке құрылыстарын тоқтатып тастаған болатын. Бірақ келесі жылдары жолдар ауқымды түрде жөнделіп, асфальт төселе бастағанда, адамдардың көңілдері жайланып, қайтадан құрылыс салуға кіріскен еді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

1 тамыз 2012, 21:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.