Атырау, 9 желтоқсан 23:44
 ашықВ Атырау -7
$ 514.65
€ 544.60
₽ 5.17

Коттедждер өзенге ауыз салмайтын болды

1 864 просмотра

Бөгетті кім қалпына келтіреді?

Жаз басталғанда обамен күрес стансасының маңындағы жағалау ауданының тұрғындары: қалалық әкімдік су қорғау аймағынан жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер учаскесін бөліпті деп дабыл қақты (05.07.12 жыл, «АЖ» №27 – «Коттедждер өзенге ауыз салды»).

Жаңа көршілер санитарлық және құқықтық нормаларды бұзып қана қоймай, бүкіл ауданның қауіпсіздігіне қатер төндірді: болашақ коттедж қалашығы өзенге өтетін жерді жауып тастайтынын айтпағанда, шұғыл қызметтер қажет болған жағдайда Мечников көшесіндегі үйлерге тек жағалау жақтан ғана келе алады. Алайда жаңа жер иелеріне бұл кедергі болмады, олар шұғыл іске кірісіп кетеді. Жағалау нығайту бөгетін күреп, топырақ үйіп, жерді тегістеп тастады.

Мечников көшесі мен өткелінің, Пушкин мен Заболотный көшелерінің тұрғындары да уақыт өткізбей, прокуратураға, қалалық әкімдікке, ТЖ департаментіне, Жайық-Каспий бассейндік инспекциясына хат жолдады. Олар «АЖ»-ға да хабарласты. Жан-жақтан шабуылға көшу әрекеті өз жемісін берді. Бірнеше қызмет бұл аумақта жер учаскелерін бөлу фактісін бірден заңсыз деп таныды. Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы Атырау қаласының әкіміне 11.11.11 жылғы тиісті №1810 және 1813 әкім шешімдерінің күші жойылғандығы туралы хат жолдады. Ал ҚР жер ресурстарын басқару агенттігінің аумақтық жер инспекциясы тексеру нәтижесінде Атырау қаласы әкімдігінің қаулысымен 15 азаматқа Жайық өзенінің судан қорғау аймағынан тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскелері ұсынылғанын анықтады. Дегенмен, осы тексеру аяқталғанға дейін қалалық әкімдік судан қорғау аймағы туралы қолданыстағы заңнама бұзылып қабылданған қаулыны жою туралы №1085 қаулысын қабылдады. 

«Осылайша сіздердің ұжымдық хатыңызда келтірілген дәйектер расталды. Алайда, Атырау қаласының әкімдігі заңсыз қабылданған қаулыны өзі жойғандықтан сіздердің хаттарыңыз бойынша тексеру тоқтатылады», - делінген инспекция бастығының орынбасары С. ӨТЕПБАЕВТЫҢ хатында.

Жазықты болған Мечников тұрғындары жеңіске құмартып отырған жоқ, олар жағалау аумағын қорғап қалғандарына риза. Алайда енді жағалау бөгетін кім қалпына келтіруі тиіс деген сұрақ қалып отыр.

– Құрылыс салуға дайындық кезінде осы учаскелердің бұрынғы қожайындары осыдан 50 жыл бұрын салынған жағалау бөгетінің бір бөлігін бұзып тастаған болатын. Жайық өзені қатты тасыған уақытта су осы бөгетке дейін келді. Соңғы кездері өзен қатты тасыған жоқ, бірақ үй салынады деп белгіленген шығанаққа су көтерілген болатын,- дейді Мечников көшесінің тұрғыны Светлана РАХИМОВА. – Келер жылы судың аз болатынына кім кепілдік береді? Көршілес Ресейде таяуда орын алған оқиға су апатынан не нәрсені де күтуге болатынын тағы да дәлелдеді. Ал біз енді бөгетсіз мүлдем қорғансыз боп қалдық.

Қисын бойынша, жеке тұрғын үй құрылысын салуға рұқсат берген орган, яғни, қалалық әкімдік жауап беруі тиіс. Ол осы ауданның тұрғындарына бұзылған бөгетті қалпына келтіріп беруі тиіс. Ал қаржыны қалалық бюджеттен басқа алатын жер жоқ. Жекелеген шенеуніктердің қателіктері үшін бюджет ақшаларымен төлеп құтылу қашанғы жалғаспақ?

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 шілде 2012, 17:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.